37 жыл бойы жуынбаған бақытты шал

37 жыл бойы жуынбаған бақытты шал

Ауру туралы сөз қозғалса, жеке гигиенаның әрбір адамның өмірінде маңызды рөл атқаратын түсіне бастайсың. Десек те, 66 жастағы Индия тұрғыны Кайлаш Сингх мүлдем олай ойламайтын көрінеді. Ол 37 жылдан астам уақыт жуынбаған және күн сайын душқа түсіп жүргендерден анағұрлым бақытты екенін айтады. 

Кайлаштың айтуынша, тәңірі оған ұл бере ма деген үмітпен үйленгеннен соң бірден осындай шешімге келген. Бір дін қызметшісі (священник) жуынбай, қырынбай өмір сүруге кеңес береді. Ал 37 жыл өте келе Калиаш тек өз ауылының ең лас адамы болып қана қоймай, әлемнің ең сасық адамы дегенге де күмән келтірмейді. 1974 жылдан бері өмірлік ұстанымын өзгертпеген қарияның шашының ұзындығы 182 сантиметрге жеткен. Соған қарамастан жеті қыздың әкесі атанған Калиаш әлі күнге дейін ұл бала сүюді армандаумен келеді. 

Бір қызығы, күйеуінің денесінен шығатын хош иіске үйрене алмаған Кайлаштың жұбайы - Клавита Деви бірнеше жылдар бойы жұбайы жуынбаса, онымен бірге төсекке жатпайтынын да айтып қорқытпақ болған. Алайда, Клавитаның қолданған айларының бәрі бекерге шықты. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: mirfactov.com

Ж. FM