Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Біз неге ұйықтап жатып сөйлейміз?

Біз неге ұйықтап жатып сөйлейміз?

Біз неге ұйықтап жатып сөйлейміз?

Сізге біреу ұйықтап жатып сөйлегеніңізді айтып па еді? Иә, бірақ сіз не айтқаныңызды есіңізге түсіре алмаған боларсыз...

Ғалымдардың айтуынша, ұйықтап жатып сөйлеу – зиянсыз құбылыс екен. Бірақ бұл құбылыстың неге және неден пайда болатыны жайында анық айту қиынырақ. Түні бойы көзіңіз жұмулы болып, ұйқыда болсаңыз да аузыңыз тынбай сөйлей берсе, ертесіне шаршаңқы күйде жүресіз. Бірақ, ол үшін қам жемеңіз.

Сонымен, біз қайда және неге ұйқыда жатып сөйлейміз?

Ұйқыдағы сөйлеу екі түрлі кезеңде іске асады: бірінші кезеңде - егер біз көріп жатқан түс жылдам жүріп, ойлар ағыны басталса, оны ояту қиынырақ; ал екінші кезеңінде ұйықтап жатып сөйлеген жанды тез оятып алуға болады. Негізі қатты жылдамдықта түс көріп жатқан адамды ояту қиын болады. Ондай ұйқыдан соң ол не жайында айтқанын есте сақтап қалуы да екіталай.

Біз кейде түсімізде болып жатқан оқиға «желісі» бойынша сөз қозғауымыз мүмкін. Бірақ түс көріп жатқан адам көп жағдайда түсінде көріп жатқан жайтқа байланыссыз әңгіме айтады.

Ұйықтар алдында ішімдік ішкен адам ұйықтап жатқанда қарқынды түрде «әңгіме» айтады. Жоғары температура, эмоциялық есеңгіреу, бірден бірнеше дәріні қолдану ұйықтап жатып сөйлеуге алып келеді. Сонымен қатар, бұл әдет ұрпақтан-ұрпаққа да берілетінін біліп жүргейсіз!

Ұйықтап жатып сөйлеу нені білдіреді?

Сарапшылардың айтуынша, жаныңызда ұйқыда жатқан серігіңіздің не туралы сөйлегенін тыңдап алып, бірден түс жорығандай, қорытынды шығара салмау керек. Ұйқы кезінде айтылған «әңгімені» талқылаудың да керегі жоқ. Серігіңіздің айтып жатқан сөздері сіздің өміріңізге ешқандай да қатысы жоқ. Ұйқыда жатқан жанның сөздері шындықпен үнемі байланыса бермейді.

Көптеген ата-аналардың білетініндей, көбіне көзі ұйқыға кеткен кішкентай балалар аузы талғанша сөйлеп шығады. Олардың жасындағы бұл құбылыс кішкентайлардың миының қарқынды жұмыс жасап, жетіліп келе жатқандығынан хабар береді.

Балалар арасында мынадай қате пікір бар: «Түсінде сөйлеп жатқан адамның дәл сол сәтте қолын ұстап, бар шындығын сұрасаң, ағынан жарыла айтып береді». Жоқ, бұл қате пікір. Мұндай қылық жасаудан аулақ болғайсыз. Ондай кезде адамды оятуда да абай болыңыз. Дамылсыз сөйлеп жатқан адам түсінде қатты қианалып жатуы да мүмкін. Бет алды оятып алам деп серігіңіздің денсаулығына залал тигізіп қоймаңыз!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: mirboltushek.ru, membrana.ru

6255 14
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 21 тамыз 2012, 15:45
Пікірлер
+0
21 тамыз 2012, 16:19

біздің квартирада бір қыз түнде өлтіріп тұрып әңгіме айтып береді

+0
21 тамыз 2012, 16:26

Мен қатты шаршағанда сөйлеймін, күлемін ))) Бірақ әлбетте үнемі емес :D Жалпы ұйықтап жатып сөйлеу үйреншікті жағдай. Екінің бірі сөйлейді шаршаған кезде )

+0
21 тамыз 2012, 16:30

мен ұйықтап жатып тісімді қайраймын :)

+0
21 тамыз 2012, 16:35

енді "Неге ұйықтап жатып тыс қышырлатамыз?" деген материал жазу керек болды ғой онда!))) Жоқ әлде білесіз бе?

+0
21 тамыз 2012, 16:48

жазу керек, білмейтіндерге керек болар)))

+0
21 тамыз 2012, 16:56

жазшы оны, емдеу жолдарын жазуды ұмытпашы

+0
21 тамыз 2012, 16:57

демек сенде қышырлататын болдыңыз ғой :) Жақсы

+0
21 тамыз 2012, 17:00

:lol: өздері білдіріп қоя ма)))

+0
21 тамыз 2012, 16:42

Ырбыдан ғой

+0
21 тамыз 2012, 17:29

Қызық екен. :)

+0
22 тамыз 2012, 12:26

мен кішкентай кезімде лунатик болғам. бірде сыртқа шығып кеткем ұйықтап жатып. содан кейін молдаға апарып оқытқан олай шығуымды қойғам сосы. Құдайға шүкір ндай әдетім жоқ қазір

+0
22 тамыз 2012, 13:28

бір күні түнде сондай көңілсіз ойға шомып отыр едім, қасымда құрбым уйықтап жатқан. ұйықтап жатып "ice ice baby я буду любить тебя даже когда я буду на небе" деп әндеткен ғо. содан кейін қалай күлмейсің)))

+0
22 тамыз 2012, 14:04

мен ұйықтап жатып сөйлеймін, кейде бірдеңелердің айтып қоямын ба деп қорқамын. :D

+0
28 тамыз 2012, 11:24

қатты шаршағанда ғана)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...