Қыздарға арналған дәрумендер

Қыздарға арналған дәрумендер

Көптеген аурулардың бастамасы «дәрумен жетіспейді» дегеннен шығады. Ал дәл қандай дәрумен жетіспейтіні жайлы ешкім нақты айта алмайды. Қыздар ағзасына көбіне қандай дәрумендер жетіспейді екен, саралап көрейік.

Ең танымал, әрине - А, Е, С дәрумендері. Көбіне сиыр бауыр етінде, майларда, барлық жемістер мен көкөністерде кездеседі.

А дәрумені иммунитетті қолдап тұруға, терінің жас көрінуіне, зат алмасу процесінің жақсаруына көмектеседі. Қол, шынтақ және табан терілеріндегі проблемалармен күреседі. Жаз мезгілінде әдемі, тегіс күнге күюге жол береді. Ол сарымайда, нәлім бауырында, қаймақта, түйір уылдырықта болады.

С - қаннан токсиндерді шығарып, ми жұмысын жақсартады. Дәрумен ағзаға күнделікті түсіп тұрсын десеңіз күнде шөп жеу керек (кинза, ақжелкен, аскөк, салат), сонымен қатар жүзім мен цитрус жемістерін жеп тұру керек.

Е – терінің икемділігіне және өзіне аса маңызды. Дәрумен оны құрғақтықтан сақтап, жаңартады. Көбірек каша, жұмыртқа, бауыр жеңіз. Және тағамға өсімдік майын, әсіресе зәйтүн майын қосып отырыңыз.

Осы үшеуіне қоса аса маңызды дәрумендер де баршылық. Мысалы, В дәрумендер тобы, оның ішінде В6 жыныс гормондарын қалыпта ұстап, рактың кейбір түрлерінің алдын алады, зат алмасу процессін жақсартады. В6 дәрумені жетіспегенде алқым безі жапа шегеді, яғни иммундық жүйе түгелімен әлсірейді деген сөз. Әсіресе ағза шаршап жүргенде пайдалану керек. Ол жүйке жүйесін тыныштандырып, көңіл-күйді жақсартады. Сонымен қатар етеккір келгенде, екіқабат кезінде жеңіл көтеруге көмектеседі. Етеккір келерде қыздарды жүйке-жүйесі құрып, әлсіреуі осы B6 дәруменінің жетіспегенінен. Ересек адам күніне 1,5-3 мг В6 дәруменін ішу керек. Ол дәнді дақылдарда, түйе жаңғағында, фундук, кебек, шпинат, картоп, гүл орамжапырағында, сәбіз, салат, орамжапырақта, қызанақ, авокадо, құлпынай, шие, банан, апельсин және лимонда болады. Сонымен қатар ет өнімдерінде, бауыр, балық, жарма және бұршақтарда мол.

Күнге күйгеннен түзелетін D дәрумені, сүйек және ткандер құрылымына қатысады және теріні рактан қорғайды. D дәрумені саңырауқұлақта, майлы балықта, жұмыртқа, сиыр бауырында, сүт пен дәндерде болады.

Және кальцийді де ұмытпайық. Ол минералдарға жатса да ағзаға аса қажет. Адам ағзасындағы сүйек ткандерінің қаттылығына осы кальций жауап береді. Әсіресе қыздарға аса маңызды тырнақтардың, шаштардың беріктігі кальцийге байланысты. Сондықтан кальцийге мол тағамдарды пайдалануға тырысыңыз. Бұл сүт өнімдері мен жұмыртқада мол.

Сурет: gidas.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina