Майлы тағам неліктен қатерлі ісікке шалдықтырады

Майлы тағам неліктен қатерлі ісікке шалдықтырады
Фото: massaget.kz

Ғалымдар майлы тағамның неліктен қатерлі ісікке шалдықтыратынын анықтады. АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық институтының ғалымы Омер Илмаздың айтуынша, майлы тағам бағаналық жасушалардың метоболизмін бұзып қана қоймай, оны өзгертіп жібереді. Май бағаналық жасушаның кейбір қасиеттерін өзгертіп, қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі екен.

Ғалымдардың айтуынша, соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер майды аз жейтіндерге қарағанда оны көп тұтынатындардың тік ішектегі қатерлі ісік ауруына жиі шалдығатынын көрсетіп жүр.

Айта кетейік, мамандар обырдың барлық түрі бағаналық жасушадағы мутацияның өзгеруінен пайда болатынын айтып отыр.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін