Балды массаждың пайдасы неде?

Балды массаждың пайдасы неде?
Фото: medosbornik.ru

Балды массаж бізге ежелгі Тибеттен келген, бірақ ол көне Русь елінде бал мол болғандықтан жақсы дамыған. Балды массаж жайлы естіген боларсыз, алайда оның пайдалылығы жайлы толық білмеуіңіз мүмкін. Сондықтан біз осы массаждың пайдалылығы жайлы сіздермен бөліспекпіз.

Көптеген маман балды массаждың химиялық препараттарға қарағанда берер пайдасы мол екенін тілге тиек етеді.

Алдымен біз сіздерге балды массаждың барлығына бірдей пайдалы бола бермейтінін ескертуіміз керек. Оны гипертониясы, дене температурасы жоғары, түгі мол адамдарға қолданбау қажет. Басқа адамдарға ол тек пайдасын тигізеді. Ол тері тесіктері арқылы шлактарды шығарып, көңіл күйіңізді көтеріп, сергектік сыйлайды. Сонымен балды массаждың қандай пайдасы бар?

Бал − табиғи өнім. Оның құрамы адам ағзасына керекті элементтерге толы. Бал құрамындағы заттар адам денесіне сіңіп, оны түбегейлі тазартады. 15 минуттан кейін ол жалтырап тұрған балдың түсі қоңырлана түседі. Балдың түсінің өзгеруі ол тері арасындағы шлактарды алып шығуынан. Ал тері болса, жұмсарып, тері көздері тұзбен шлактардан тазарады. Массаждың осы түрі  целлюлитпен күресіп жүрген әйелдерге таптырмас әдіс. Олардан толық құтылу үшін бір емес бірнеше балды массажды курс қабылдауы керек.

Балды массаж тек косметологиялық жағынан емес, басқа да жағынан пайдалы. Бәрімізге белгілі, біздің ішкі ағзамыз, буынымыз бұлшық ет және терімен тығыз байланысты. Ал сол массаж тері тесіктерінің көзін ашып, сонымен қатар ішкі ағзаны да тазарта алады. Сізде зат алмасу процесі жақсарады. Осы массаж түрін қолданған нәзік жандылар, өздерінде күш пайда болғанын айтып жатады.

Балды массаж жүйке жүйесіне жақсы. Ол стресте және ұйқы бұзылғанда көмекке келеді. Сол себептен балды массажды тек сұлулық жағынан керек деп ойламаңыз. Мысалы, ішке де балды массаж жасай аласыз. Ол үшін: 2 шай қасық табиғи балға бірнеше тамшы кез келген эфирлі май қосыңыз. Балды алақаныңызбен ысқылап, ішіңізді шапалақап койыңыз. Дауа барысында бал қоюлана түсіп, қол мен ішіңізге жабысады. Осылайша вакуум әсері болып, массажды одан әрі әсерлі қылады. Бал ағара бастаған сәтте, тереңізден зиянды заттар бөлінгенін біліңіз. Оны жылы сумен сүртіп, қайта бал жағып, массажды жалғастырыңыз. Бұл емге 20 минут жарап жатыр.

Ол − остеохондрозға табылмас ем. Адамның әдемі жүруі оның омыртқасына байланысты. Егер сізде арқаңызда және мойыныңызда тұз жиналған болса, сізге керегі осы. Омыртқа ол су ағатын арық секілді. Сіз жылына бір рет болса да артық қоқыстардан тазарасыз. Сол секілді жылына бір рет омыртқаны шлактар мен тұздардан тазартып тұру қажет.

Дереккөз: inform

С. Ерсін