Дұрыс ұйықтау – денсаулық кепілі

Дұрыс ұйықтау – денсаулық кепілі
Фото: picsfab.com

Әлемдегі адамның 30% жылына кем дегенде бір рет ұйқысыздыққа ұшырайды. Олардың ішінде біз де болуымыз мүмкін. Ал оның алдын алу жолдарын бәріміз бірдей біле бермейміз. Сондықтан сіздердің назарларыңызға дұрыс ұйқы тәртібін қалыптастыру үшін жатар алдында не істеу керектігін ұсынамыз.

1. Жатар алдында бір ас қасық бал араласқан бір стақан жылы сүт ішіп жатыңыз. Сонда сіздің ұйқыңыз жаңа туған нәрестенің ұйқысындай тыныш болады.

2. Түймедақ, жөке, қырмызы, жалбыз, итошаған секілді өсімдіктерден қайнатпа жасап, ванна қабылдаңыз. Сонымен қатар жаужапырақ, лаванда майларын қосып қабылдасаңыз да болады. Ең бастысы судың температурасы 37 градустан аспау керек. Әйтпесе, сіз өзіңізді сергек сезіне алмайсыз.

3. Ащы жалбыз, түймедақ, балмұрын шөптерінен шай демдеп ішіңіз. Бұларды мұздай суға да салып, біраз уақыт өткеннен соң тұтынуыңызға болады.   

4. Ұйықтар алдында көзіңізге ақшыл көк түсті мата қойып жатыңыз. Бұл түс сізді тезірек тәтті ұйқыға аттандыруға көмектеседі.

5. Ағылшындардың дәстүрлі қағидасын ұстансаңыз да болады. Олар ұйқыға кетер алдында бір шынаяқ шай ішіп, бірнеше минут сүйікті жазушысының кітабын оқиды.

Ж. Исакаев