Кім ақылды: бойы ұзын ба, қысқа ма?

Кім ақылды: бойы ұзын ба, қысқа ма?
Фото: vistanews

Ақыл − адам көркі. Ақылды адам қандай іс болсын, барлығын ақылға салып, ойланып істейді. Қалай ойлайсыздар, бойы ұзын адам ақылды ма, әлде бойы қысқа ақылдырақ па? Бұл сұрақ әркімнің көкейінде жүрген болмашы сұрақтардың бірі болғанымен, барлығымыз осы сұрақтың жауабын біліп, бір жола нүкте қойғымыз келеді. Сонымен бұл сұраққа ғалымдар былай жауап берді.

Эдинбург университетінің ғалымдары ашқан мына бір жаңалық адамды қызықтырмай қоймайды. Олардың айтуынша, аласа бойлы адамдардың IQ көрсеткіші ұзын бойлы азаматтарға қарағанда төмен екен. Алайда ғалымдар бұл кезекте өз заманынан бір қадам алда жүретін, көпшілігі аласа бойлы келетін жапон халқын ескермесе керек. Ғалымдар адамның бойынан ақыл мен ойдың дамуына жауап беретін ген тауыпты. Олар мұны кемінде 1000 адамға жасаған зерттеу барысында анықтаған. Зерттеушілер қатысушылардың ақыл-ой деңгейіне қатысты сараптаманы сөйлеу қабілеті, реакция жылдамдығы және ақпаратты еске түсіру қабілетіне қарай жасаған.

С. Ерсін