Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін неше сағат ұйықтау керек?

Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін неше сағат ұйықтау керек?
Фото: golovabolit.net

Америкалық ғалымдар 8 сағат ұйқы адам денсаулығы үшін маңызды екенін және 8 сағат ұйықтаған адамның есте сақтау қабілеті әлдеқайда жақсы болатынын дәлелдеді.

Тәжірибеге қатысушыларға 20 адамның суреті мен есімі көрсетіліп, есте сақтап қалу тапсырылған. Нәтижесінде жұмыстан шыққан қатысушылар суреттер мен есімдерді екі рет қайталауды сұрады. Ал 8 сағат ұйқыдан кейін қатысқандар алдыңғы топқа қарағанда 12% есте жақсы сақтағаны анықталған.

Зерттеуге қатысушылардың дені 20 жас шамасында болғанымен, ғалымдар барлық жастағылар үшін ұйқы қанбауы есте сақтау қабілеті нашарлауына және ұйқы тәртібі бұзылуына әкеп соғуы ықтимал дейді және 8 сағат ұйқы адам жадының жақсаруына көмектеседі деген қорытынды айтты. 

Н. Үсенова