Балаларға зиян тағамдар

Балаларға зиян тағамдар
Фото: healthy-zone

Сингапурлық мамандар АҚШ ғалымдарымен бірлесіп, болашақ ұрпақ үшін ең зиянды тағамды анықтау мақсатында арнайы зерттеу жүргізді.

Зерттеу барысында белгілі болғандай, балаларға жедел даярланатын тағамдар, соның ішінде қуырылған тауық, картофель фри, чизбургер, чипстер және басқа да осы тектес тағамдар өте зиянды екені анықталды.  Оған қоса құрамында тәттілігі жоғары кәмпит, шоколадтарды да мөлшермен беру керек.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, артық салмақ біткен жасөспірімдер қатары жыл санап артып келеді. Мәселен, әдеттегі чипстер мен үйде пісірілген картоп бір нәрседен жасалғанымен, олардың құрамындағы айырмашылық жер мен көктей. Чипстер құрамында калория көп болады, алайда оның адам ағзасына еш пайдасы жоқ.

Мамандар ата-аналарға балалары қалай тамақтанып жүргенін мұқият қадағалау керегін ескертеді. Тек осылай ғана физикалық және психологиялық тұрғыда сау ұрпақ тәрбиелеп өсіруге мүмкіндік туады.

Дереккөз: kazinform

С. Ерсін