Алмұрттың емдік қасиеті

Алмұрттың емдік қасиеті
Фото: www.lacuisinedenathalie.com

Алмұрт — В тобындағы дәрумендердің, сонымен қатар С, Р, РР дәрумендерінің қайнар көзі. Басқа жеміс түрлеріне қарағанда алмұрттың құрамында мырыш көптеп кездеседі. Және бал, йод, молибден, фтор, ванадий, никель секілді пайдалы элементтерге де бай. Бұл жемістің жазғы сорты - марганецке, ал қысқы сорты — темірге бай боп келеді. Бүгін біз сіздерге бұл жемістің адам денсаулығына пайдалы тұстарын айтамыз. 

Үнді оқымыстылары алмұрттың жас жапырақтарында фенол бар деп анықтады. Ол әртүрлі аурудың алдын алатын қасиетке ие. Өйткені ерте заманда алмұрт жапырақтарын қайнатып, зең ауруларын, тері ауруларын және дерматитті емдегенін білеміз. Әлемнің барлық елі кептірілген алмұрт жапырақтарын тершеңдікке қарсы қолданған.

Алмұрт шырыны, алмұрт қайнатпасы тек қана шөл қандыратын емес, денесі қызып, температурасы көтерілген адамдарға да пайдалы сусын.

Алмұрт көңіл-күйіңізді көтеріп, жүйке жүйеңіз бен жүрек қағысыңызды және ас қорыту жолдарыңызды жақсартады.

Балғын және кептірілген алмұрт жемістері артық салмақтан арылғыңыз келгенде, қант диабеті, цистит, бүйрек ауруларына шалдыққан кезде көп көмектеседі. Ол үшін сізге ½ стақан кептірілген алмұрт және 3 ас қасық сұлы жармасын суға қайнатып, бір сағат күту керек. Дайын болған соң күніне 4 рет 0,25-0,5 стақаннан ішіңіз.

Балаларыңыздың іші өтсе, алмұрт киселін дайындап беріңіз. Оны дайындау үшін жабайы өсетін алмұртты жинап, қағазға салып кептіріп, салқын жерде сақтау қажет.

Алмұрт шырыны мен қайнатпасын несеп айдағыш дәрі ретінде де пайдаланады. Сонымен бірге ол бүйректегі тасты сыртқа шығаруға да пайдалы. Оны күнделікті өз уақытымен тұтынсаңыз, бүйректегі тастан оңай құтыласыз.

Алмұрт жемісін халық медицинасында мыңдағын жылдар бойы простатитті емдеуге қолданды.

Ж. Исакаев