Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Гипербелсенді бала

Гипербелсенді бала

Гипербелсенді бала

Қазақ ой-түйсігі өзгешелеу, балақтан басы шықпай жатып баспын деген бүлдіршін көрсе «ақырзаманның баласы» дейді, мұны ғылыми негізбен сараласақ «индиго балалары» деп түсіндіре аламыз. Ал, гипербелсенді бала терминінің танымал болғанына да көп уақыт өткен жоқ.  Бұл жәйтке психолог мамандар «СДВГ» (Синдром дефицита внимания и гиперактивности) деген атау қойды. Индиго бала дүйім халықтың ортасынан шыққан дара болса, гипербелсенді бала әр шаңырақтан табылып қалады.

Гипербелсенді баланың жалпы болмысын Б.Соқпақбаевтың кейіпкері, әйгілі Қожамен салыстыра бағаласақ жетіп жатыр. Бұзық, қыңыр-қырсық, ата-анасын өзгелерден (бауырларынан да) қызғанады. Ақылды да, алғыр, тәп-тәуір жағын жоғарыдағыдай кері мінездері жоққа шығарып отырады.

Гипербелсенді балаға төмендегідей мінез-құлық тән:

- ұйқысы тұрақсыз, түннің бір уағында да оянып, ойынын жалғастыра береді;

- энергиясының көптігінен бір орында байыз таппай, секіріп, жүгіріп, ұйқыға кеткенше дамылдауды білмейді;

- әлденеге қызығушылығы жылдам өзгеріп, барлығын білмекке ұмтылады;

- тез сөйлейді;

- өзгенің мазасын жиі алуына байланысты қатарластарымен достаса алмайды;

- тек өзінің қалауымен жүреді;

- өзінің үлкен бауырларымен жағаласып, кішілерін жылатады;

- жүгенсіздігін айтып балабақшада тәрбиешесі, мектепте ұстазы шағым жасайды.

Бұл жағдай көбіне көп баланың артынан іле-шала екінші сәби туылған уақытта орын алады, бауырынан ата-анасын қызғану белгісі оның мінезіне әсер етеді. Сондай-ақ, гипербелсенді синдромына шалдыққан балалардың 90 пайызға жуығы кесар тілігі отасы арқылы өмірге келгендер. Сонымен қатар, туысынан сабырлы баладан аяқ асты гипербелсенді синдромы ұшырасуы мүмкін, мұны психологтар отбасында болған жағымсыз жәйттің нәтижесі деп те түсіндіреді.

Дәрігерлер гипербелсенді баланы сабырлы тұрғыда тәрбиелеу үшін түрлі үйірмелерге қатыстырған жөн деген пікірде. Сурет салу өнері мен мүсін жасату, спорттық жаттығуларға ден салу олардың бойындағы орасан зор күш-қуатты шығарып тұруға көмектеседі. Оның бойындағы мол күш-қуат қоры 13-15 жасқа дейін сейілмейді, сол аралықта ата-анасы баланы жақсыға бағыттаса жақсы азамат болып есейеді де, құлықсыз қараған жағдайда өмір жолы қиын адамдардың қатарын толтырады. Гипербелсенді бала алғыр және қиялы ұшқыр боп жетіледі. Олар бастауыш сыныпта-ақ шет тілін меңгереді, өнерімен таңдандырады.

Бүгінгі күні еліміздегі барлық мектептерде арнайы психолог маман жұмыс істейді, олар атқаратын жобалар барысында мектепті шулатып, терезе сындырып жүрген гипербелсенді синдромы тән балалар да бар. Олар назар салу жетіспеушілігі синдромына ұшыраған балаларды қоғамға лайықтау жолына зер салып, ата-аналармен тығыз жұмыс жасауда. Заң қызметкерлері де «жасөспірімдер колониясының» қатарын толтыратындардың біршамасы гипербелсенді синдромы байқалған жеткіншектер екенін айтады.

Осындай қауіпті жақтарын байқай тұра көптеген ата-аналар балаларының бойында  гипербелсенділік синдромы бар дегенмен ешқашан келіспек емес. «Бала кезімде өзім де бұзық едім», «бала болған соң терезе сындырады, төбелеседі, көресіндер әлі, ертен ақылы кірген соң өзі-ақ қояды», «жуас, момын болғаннан бұзық болғаны жақсы емес пе?»,-деген ақталма сөздерді жиі естиміз. Баламыздың алдында компьютер, қолында ұялы телефон, үстінде қымбат марканың жейдесі болғанын барлығымыз қалаймыз, бірақ, бұлар баламыздың жақсы тәрбиесінің көрсеткіші бола алмайды.

Ал, екінші гипербелсенді баланың анасы психологтың алдында өзінің садизмнің шырмауында жүргенін білмей жыламсырап отыр: Баламның қыңырлығы мен бұзақылығын қалай тежеуге болады, күніне бірнеше мәрте таяқтасам да еш нәтиже жоқ. Ұрып-соғудан өзім шаршап қаламын, ал, балам одан бетер өрешеленіп барады. Психологтың айтқанына сүйенсек, «ұрмасаң бала төбеңе шығады» деген тактика гипербелсенділерге мүлдем кереғар. Баланың бойын кернеген артық энергия одан сайын тасқындана түспек. Ұрсып, қорқытып тәрбиелеу олардың түсінігіне жат, оған мейлінше мол мейірім мен жылы сөз керек.

Гипербелсенді баланың бойындағы өшпенділіктің (өз қатарластарын сабауы, айырағашпен құстарды атуы) алдын алмаса бұл әдетін есейгенде кең тұрғыда жасай бастауы ләзім. Бірақ, бұл дағдыны әлдебір қылмыскерлердің бойында гендік тұрғыда сақталып келген тирандық мінезбен әсте қатар қарастыруға болмайды, жүзге тарта адамның өліміне себепкер деп танылған Чикатилоның алтыншы атасы Корольдің жендеті болғанын ғалымдар дәлелдеп, адамзатты қинаудан рахат табатын жауыздық синдромы деп бағаласа, гипербелсенділіктің дауасы тек қана өзіне назар аударту мен жылы сөз, мейірім.

«СДВГ» диагнозы қойылған балалар көбіне-көп үздік оқушы, IQ деңгейі де жоғары болып келеді. Және тағы бір ескерерлігі мұндай балаларға қызыл түсті киім кигізуге болмайды, бұл онсызда ұшып-қонып, байыз таппай жүрген баланы одан әрмен шабыттандырып, шаршауын туындатады.

Бұл тұста баланың ойыншықтарына да назар аударған дұрыс, қолында ай балтасы бар үндісті, иығына мылтық ілген американдық кавбойды, жер шарын жарып жібермекке бекінген роботтарды ойыншық салынған қапшықтан шығарып, орынын көңілді де, мейірімді (тым құрыса Шрекпен) кейіпкерлермен толтырған жөн. 

Автор: Акико К

8801 9
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 09 қаңтар 2012, 09:00
Пікірлер
+0
09 қаңтар 2012, 13:44

Өте жақсы ақпарат! Авторға алғысымызды айтамыз. Тағы да осындай ақпараттарын күтеміз! Бір өтініш- алда авторлар аты-жөнін толықтырып жазса екен. Рақмет.

+0
09 қаңтар 2012, 14:16

бәрі тәрбиеден ғо

+0
09 қаңтар 2012, 17:06

Мақтанғаным емес, бұл тура жас кезімдегі мен ғой))) Шахмат пен домбра үйірмесі, құрылыста жұмыс атқару ұстап қалған екен, әйтпесе сәл болмағанда...

+0
09 қаңтар 2012, 17:44

тентек балдардың құйрықтарынан бір-екі рет сарт-сарт етіп тартып жіберу керек алақанмен, сонда қояды гиперактивтілігі

+0
05 сәуір 2012, 01:04

:lol: :lol: :lol:

+0
09 қаңтар 2012, 18:00

Авторға мың алғыс! Материалдарыңызды асыға күтеміз

+0
10 қаңтар 2012, 10:31

Ұрып баланы тәрбиелей алмайсын ешқашан. Бұндай балалардың болуы, ата аналардың назары болмағандықтан. Бұған әрине келісемін. Баланы туғаннан бастап тәрбиелеген жөн. Кішкентай ештене түсінбейді деп ойлау қате. Бұрынырақта бір кісі болған екен, баласы жеті жасқа келгенде бір ақылгөй қарияға апарып, менің баламды тәрбиелеп берінізші депті. Сонда айтқан екен. Сен жеті жылға кешіктін деп.

+0
10 қаңтар 2012, 20:10

қызық екен.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...