Ұзақ ұйқы алжасудың белгісі...

Ұзақ ұйқы алжасудың белгісі...

Егер қарт адам күндіз жиі, түнде ұзақ ұйықтайтын болса, онда ол адамда деменция белгілерінің дами бастағаны. Аталған қорытындыға 5000 адамның денсаулығын тексеру барысында Францияның денсаулық сақтау ұлттық институты мамандарының көздері жетіп отыр.

Клодин Берр бастаған зерттеушілер жасы 65-тен асқан қарияларды бақылауға алып, нәтижесінде олардың бестен бірінің шамадан тыс ұйықтайтыны анықталған. Және дәл осы топ интеллектуалды тестілеуден өте алмаған. Ал керісінше аз ұйықтайтын, сергек жүретін қарияларда алжасу белгілері байқалмаған болып шықты.

Бұл дегеніміз, ұйқының сапасы адамның ақыл-ой мүмкіндіктерінің нашарлауының көрінісі бола алады деген сөз. Өз кезегінде бір кездері америкалық дәрігерлер де осы бір пікірді қуаттаған болатын.

Естеріңізге салсақ, АҚШ-та бір кездері медбике болып жұмыс істеген 15 мың әйелді тестілеуден өткізудің нәтижесінде көп ұйықтайтын адамдардың Альцгеймер ауруына бейім болатыны расталған еді.

Сурет:bashirski-portal-zdorovie.blogspot.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига