Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Фирмалық иіс суды көшірме иіс судан ажыратудың жолдары - 2

Фирмалық иіс суды көшірме иіс судан ажыратудың жолдары - 2

Фирмалық иіс суды көшірме иіс судан ажыратудың жолдары - 2

Бүгінгі күні көшірмелердің көбейіп кеткені рас. Бұрын сапалы сөмкені көшірмеден қалай ажырату керектігі туралы жазып өткенбіз. Иіс судың құрамын ажырату сөмкенің материалын ажыратуға қарағанда қиындау. Дегенмен, иіс судың фирмалық не көшірме екендігін анықтаудың тәсілдері жоқ емес. 

  • Иіс суды кез келген жерден ала салмаған дұрыс. Иіс судың қасында оның иісі бұрқыраған бір тілім қағаз болуы тиіс.
  • Иіс судың қорабы сыртындағы барлық әріптері түгел анық көрініп тұратындай сапалы болуы керек. Міндетті түрде штрих коды болуы тиіс.  
  • "Францияда жасалған" деген жазуы ағылшын не француз тілінде жазылып тұруы керек. Ал Made in France жазуының орнына жай ғана France деп жазылып тұрса, бұл көшірме иіс су деген сөз. 

  • Иіссу қорабындағы целлофан қап фирмалық иіс судың белгісі деген пікір бар. Негізінде бұл шындыққа жанаса бермейді. Көптеген фирмалар тұтынушы иіс су қорабының әдемі дизайнын бағаласын деп қорапты қаптамайды. Фирмалар көшірмесін жасау оңай болмасын деген ниетпен әдейі ерекше дизайндағы құтылар жасап шығаруға талпынады. Құты неғұрлым ерекше болса, оны көшіріп жасау да соғұрлым қиын болмақ. 
  • Сондай-ақ фирмалық иіс судың өз сертификаты болады. Және ол сертификатта мөр болуы керек. Сатушыдан осы сертификатты талап етуіңізге болады.
  • Иіс суды тексеру өте оңай: иіс суды тоңазытқышқа қойыңыз. Егер құрамы күңгірттенсе, ол көшірме иіс су деген сөз. Сатып алған жеріңізге қорықпай қайтып апарып беріңіз.

Дегенмен, иіс судың фирмалық емес екенін біліп тұрсаңыз да, иісі қатты ұнап қалды делік. Ондай кезде тәуекелге барып, иіс суды сатып алмағаныңыз жөн. Құрамы беймәлім көшірме денеңізге шашқан кезде, денсаулығыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін. Дегенмен, бүгінде айтарлықтай сапалы көшірме иіс сулар шығарылуда. Сондықтан олардың бағалары да жоғары болады. Тіпті, арнайы дүкендердің өзінде кейде фирмалық иіс сулар сатылмайды. Ешқашан базардан, косметика мен бижутерия бөлімдерінен иіс су сатып алмаңыз. Сатушылар "сынамасы" деп көрсететін кішкене құтыдағы иіс суларды көріп жүрген шығарсыз. Ірі фирмалар иіс суды кішкентай құтымен шығармайды. 

Фирмалық парфюмдердің иістері ұзақ уақытқа сақталады. Парфюмериялардың ішіндегі ең қымбаты - осы иіс су. Ол 30-40 пайыз хош иіс майларынан құралып, өз иісін 6-9 сағат бойы жоғалтпайды. 

Сатып алған соң, бірден фирмалық иіс су сатып алғаныңыз жөн. Кейбір арулар "Қарапайым киінсең де, үстіңе қымбат иіс су сеп" деген қағиданы ұстанады. Әр адамның табиғи иісі кейде көп қолданатын иіс суымен астасып, анау жерде келе жатқан адамды иісінен танып жатамыз. Әрдайым хош иіске бөленіп жүріңіз.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: chatic.net, humaga.ru, beauty.passion.ru

12266 8
Рейтинг: +4

Қосылған күні: 18 шілде 2012, 18:04
Пікірлер
+0
18 шілде 2012, 17:59

Бұл жайлы жазылды ғой деймін, Мико)))))) Иіс су, әтір және туалетная вода айырмасы жайлы жазып ем коммент етіп))))

+0
18 шілде 2012, 18:13

Жазылды негізі )) Сол баяғы иіс су ғой әңгіменің арқауы. Бұл жақта ана жақта айтылмаған нәрселер бар-ау деймін )) :)

+0
18 шілде 2012, 18:23

Осы иіс су туралы көлемді мақала керек ау дим онда, бәрін қосып)))) Мысалы, арзан болса бағасы, фэйк екені белгілі, ал кейде қымбат дүкендердің өзінде фэйк сатылады, сол туралы, сосын Түркияда жасалған оригинал деген жоқ екенін де айта кету керек))) Иіс су десе мені тоқтату қиын)))))

+0
18 шілде 2012, 18:29

)) оның байқалады, жалпы сән әлемін "шағасың" ғой :D

+0
18 шілде 2012, 18:31

рахмет)))) майлы иіс сулар жайлы да жазып қою керек, оған қоса парфюмерді кремдер мен лоушндар, парфюмерді тальк секілді өнімдер жайлы да ақпарат қыздарға қызықты болуы мүмін) жай, идея беріп жатырмын))))))

+0
18 шілде 2012, 18:32

ок! ) рақмет :)

+0
18 шілде 2012, 18:44

пайдалы)

+0
19 шілде 2012, 12:59

күштіііі!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...