Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Шылымның шырмауы

Шылымның шырмауы

Шылымның шырмауы

Сыртқы ортаны қорғау мәселесімен қазір тек ғалымдар ғана емес, көптеген елдердің үкіметтері, түрлі қоғамдық ұйымдар, басқармалардың айналысатыны белгілі. Адамның микро ортасын қорғауға да барған сайын көп көңіл бөлінуде. Ауаның тазалығын, тұрмыстық және қоғамдық үй-жайларда белгілі бір температураны сақтауды тек гигиенистер ғана жақтап отырған жоқ. Ал шылым шегу – ауаны ластаудың көздерінің бірі екенінде ешкімнің күмәні болмаса керек.

Ол – ол ма, жүйелі түрде шылым шегу ағзаны уақытына жетпей тоздырады, көптеген аурулардың барысын ауырлатады. Ол өкпе, ауыз қуысы, көмекей, өңеш рагын айтпағанда бронхит пен өкпе эмфиземасының, асқазан жарасының дамуына мүмкіндік туғызады.

Өкінішке орай, «Темекі дерттері» папирос пен сигарет құлдарының өздерін ғана нысанаға алып қоймайды. Шылым шегушілер қайткен күнде де темекі тартпайтын адамдардың денсаулығына зиян келтіреді. Айталық, егер жабық бөлмеде 10 сигарет тартылса, осында отырған темекі тартпайтын адамның жұтқан түтінінің жалпы мөлшері бір сигарет тартқанмен тең болады.

Шылым шегетін екіқабат әйелдер өздерінің болашақ мұрагерлерінің барып тұрған уландырушылары екенін зерттеушілер ерекше атап көрсетеді. Ата-аналары шылым шегетін балалардың өкпе немесе тыныс алу жолдары ауруларының құрбандығына шалыну мүмкіндігі жоғары болады.

«Өрттің себебі – шылым шегу» - әбден жауыр болған плакатқа селқос қарап, көзбен сүзіп өттік. Алайда шылым шегушілердің, әсіресе, мастардың кінәсінен материалдық үлкен нұқсан келтіретін, ал кейде тіпті адамның өліміне соқтыратын өрттер шынында да жиі болады.

Біздің елімізде өнеркәсіп қалдықтарын тазартатын жоғары тиімді құрылыстар салынуда, автомобильдердің пайдаланылған газындағы зиянды заттарды шектейтін ережелер жасалуда. Зауыт-фабрикалар салудың барынша қолайлы архитектуралық-жоспарлау шешімдері атмосфералық ауаны тазартуға мүмкіндік туғызады. Алайда қоғамның «аспанды ыстаушыларға» неліктен тым төзімді қарайтыны таңдандырады. Мекемеде өз жұмыс орнында темекіні бұрқыратып отырған адамға тоқтау қаншалықты сирек жасалады. Бөбектің көзінше темекі тартып тұрған жас ананы ақылға шақыру неліктен әдепсіздік деп саналатыны да белгісіз.

Шылым шегуге қарсы шығушылар мұндай төзімділікке ашынады. Кейбіреулер жастардың арасында шылым шегумен әуестенушілік үшін фильмдер мен телевизиялық қойылымдар кінәлі деп есептейді, өйткені бұлардың жағымды кейіпкерлері үздіксіз темекіні бұрқыратып тартады.

Организмге зиянды барынша аз келтіру үшін қандай шылымды және қанша тарту керек екенін жиі сұрайды. Біреулер қағаз фильтрлі сигарет тартса, никотиннің әсерін барынша кемітуге болады деп есептейді. Өзге біреулер никотинге қарсы мақтаны мадақтайды, үшінші біреулер шылым шеккенде оның  түтінін тым терең жұтуға болмайды деп сендіреді. Тіпті насыбайды немесе... кальянды насихаттаушылар да табылады.

Қай пәленің зияны аз екенін жорығанша, одан мүлде құтылуға тырысу керек.

Ең бастысы: шылым шегуден бас тартуға өзіңді іштей көндіре білу. Бұл үшін оның денсаулыққа зиянды және тым қауіпті салдарын көз алдына айқын елестету керек.

Темекі тартуды толық және біржолата тастау жөнінде берік те бұлжымайтын шешім қабылдау қажет. Ал мұны қалай істеген жақсы: бірден бе, әлде біртіндеп пе – бұл шылым шегушінің жас шамасына байланысты. Жастар мен орта жастағы адамдар шылымды көптен бері және күніне, тіпті, 1-1,5 қорап темекі тартатынына қарамастан, темекі тартуды бірден қойып кете алады.

Егде жастағы адамдардың шылым шегуді біртіндеп тастағаны жөн: алдымен темекінің жартысын кесіп тастап, бұлардың әдеттегі санын тартады. Бұдан соң осындай жартылардың санын күн сайын кемітіп, 10 – 15 күннің ішінде тәулігіне 7 – 10 ретке жеткізу, соңынан шегуді мүлдем қою керек.

Шылым шегуді демалыс кезінде, санаторийде, туристік жорықта, сондай-ақ ауырған кезде тастаған жақсы.

Темекіні тастауға бел байлаған адамды үйде де, жұмыста да айналасындағылар барынша қолдаулары керек. Егер жанұяда бірнеше адам шылым шегетін болса, бәрінің де оны бір мезгілде қойғаны дұрыс. Егер жұмыста бір бөлмеде істейтін барлық қызметкерлердің бәрі темекіні бірге тастаса, жақсы болар еді. Алайда, темекіні оқта-текте болсын ауызға салу көбінесе бұрынғы көлемде шылым шегуге жетелейтіні сөзсіз. Спиртті ішімдіктерді қабылдау бірқатар жағдайда темекіні қайталап тартудың себепкері болады, өйткені масайғанда, шылымға деген құштарлық арта түседі. Сондықтан шылымды қойған адамның спиртті ішімдіктерді қабылдауды да тоқтатқаны жөн.

Соңында тағы бір маңызды сұрақ: шылым шегуді қоюға бел байлаған адамға қандай жағдайда дәрігердің көмегі қажет болады? Шылым шегушілердің басым көпшілігі (90 – 95 пайызы) темекі тартуды өз бетімен немесе тек жәрдемші сипаты бар симптоматикалық емдік шаралар деп аталатынның көмегімен тастау кезінде пайда болатын жоғары нерв қозғыштығынан, ұйқының бұзылуынан, тынышсыздану, абыржу сезімінен, жалпы әлсіздіктен, жүректің тез соғуынан арылуға мүмкіндік береді. Егер осы жанама құбылыстар пайда болса, емдейтін дәрігерге бару керек. Ол темекіге құштарлықты іс жүзінде ауыртпалықсыз жеңуге көмектесетін дәрі береді. Шылым шегу жүрек айнытатындай болу үшін дәрігерлер ауызды шаюға түрлі тұтастырғыш дәрі-дәрмектер береді. Алайда олар тұтастырғыш әсерінен 1 – 1,5 сағаттан соң, сондай-ақ тамақтанған және сусын ішкеннен кейін айырылатындықтан, ауызды жиі-жиі, күніне бірнеше рет шаюға тура келеді.

Жалғасы бар.

 

Суреттер Ғаламтордан алынды

8980 11
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 06 қаңтар 2012, 09:00
Пікірлер
+0
06 қаңтар 2012, 15:06

Бір таныс қыз шылымды қатты тартады. Қоя алмайды. Аяймын...

+0
06 қаңтар 2012, 15:57

Шылымға жақындығы бар адамдар жыныма тиеді. Қайтіп соған құмар болуға болады? Иісінен қашамын мен

+0
07 қаңтар 2012, 12:45

Темекінің түтініне мен де шыдай алмаймын. Тұншығып өле жаздаймын.

+0
06 қаңтар 2012, 16:24

Шылымды жақсы көрем

+0
06 қаңтар 2012, 16:46

Шылым туралы оқып, енді шылым шеккен адамдарға жақындамаспын!

+0
06 қаңтар 2012, 17:30

Ужас, шылым не жазды сіздерге? Темекіден адам өлетін болса бірінші мен өлетін едім:)))))))))))

+0
06 қаңтар 2012, 17:59

Құс Бегі қойыңызшы, айналайын! темекі тартпайсыз ғой

+0
09 қаңтар 2012, 11:53

иәәәәәә...

+0
09 қаңтар 2012, 13:33

Бүгіннен бастап тастаймын деп келіп едім жұмысқа... шыдай алмадым... Енді тастауды "келесі дүйсенбіден" бастаймын...

+0
09 қаңтар 2012, 16:07

Сіз үшін жақында темекі туралы екінші мақала жариялаймыз! Содан кейін тастайсыз деп үміттенемін.

+0
11 қаңтар 2012, 10:08

Шылымның иісі деген керемет қой...

+0
13 қаңтар 2012, 13:20

Мяя, не дейді құрсын?! Рас па? )))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...