Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Түстер әлемі

Түстер әлемі

Түстер әлемі

Түстер әлемі сиқырлар мен жауабы жоқ сұрақтарға толы... Қазірдің өзінде ғалымдар түстерді нақты болжай алмай, олардың сырын ұғына алмауда. Әзірше түс жайлы мына қызықты жайттармен таныс болыңыздар.

1. Түс кезінде қимылдай алмаймыз

Түс көрген сәтте денеміз қимылдай алмайды екен. Бұл құбылыс денеміз түсіміздегі көріп жатқан іс-қимылдарды қайталап, денемізге зақым тидірмеу үшін пайда болған екен.

2. Сыртқы орта мен түстің байланысы

Сыртқы орта түсімізге әсер ете алады. Мысалы, өңінде шөлдеп жатқан адам түсінде мөлдір су құйылған стақан көреді. Ішсе де, шөлін баспағанын түсінген ағза ояна бастайды. Осылайша түс ағзамызды қорғап, оған белгілер береді. 

3. Темекі шегуді тастағандардың түстері басқаларға қарағанда жарқын

Бұл қызықты дерекке түсініктеме табылмады. Алайда, расымен, бұрын темекі шеккендердің түстері жарқын, басқаларға қарағанда шынайы болады екен. Айта кетсек, олардың түстеріне қайта темекі шегіп жүргендері көп кіреді. екен.

4. Түс - болашақтың болжамы емес

Біздің санамыз белгілер тілін қолданады. Түс - болашаққа көрініс емес. Түстен нақты жауаптар емес, белгілер іздеңіз.

5. Түске тек шынайы адамдар мен жерлер кіреді

Түсіңізде бейтаныс адамдарды, болмаған жерлерді жиі көресіз бе? Бұны санаңыз ойлап тапқан емес. Бұл кісілер мен жерлерді сіз міндетті түрде өміріңізде бір рет болса да көріп, бірақ есіңізде сақтамай қалғансыз.

6. Түстер психоздың алдын алады

Жақында ғалымдар мынадай тәжірибе жүргізген: ұйықтап жатқан адамдарды әр ұйқы фазасының басында оятып тұрған, алайда тиісті 8 сағат ұйықтауға берген. Осылайша бұл адамдар ешбір түс көре алмаған. 3 күннен кейін олардың бәрінде бас ауыруы, ойының шашыраңқылығы, ашу-ыза, яхни психоздың алғашқы белгілері байқала бастаған. Келесі күні, оларға ұйықтап, түс көруге мүмкіндік бергенде, бұл белгілер кеткен. Яғни түс - миымызды демалтуға мүмкіндік береді.

7. Түстердің  90%-ы ұмытылады

Оянғаннан кейін 5 минут өткенде, біз түсіміздің жартысын, ал 10 минуттан кейін тіпті барлығын ұмытамыз. Есімізде тек бір-екі көрініс пен бейнелер қалады. Тарихта түсінде ғалымдар жаңалық ашып, жазушылар ерекше шабыттанатын кездер болған. Олардың барлығы оянған сәтінде қолына қағаз бен қалам алған көрінеді. Сіз де түстеріңізді оянған сәтте жазып алып, кейін оқып, өзіңіздің жаңа қырларыңызды ашыңыз.

Сурет: leyatraccionpositiva.com

Дайындаған: Сания Аринова

7167 20
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 04 шілде 2012, 17:38
Пікірлер
+0
04 шілде 2012, 16:46

түс болашаққа көрініс емес деген - түс аян береді дегенмен сай ма әлде екеуі әрқалай ма? осыны түсінбей тұрғаным

+0
04 шілде 2012, 16:55

сай) нақты аян емес дегеніміз ғой

+0
04 шілде 2012, 17:22

осыдан 2-3 күн бұрын ғана 2 сериалы түс көрдім. шын айтам. катты киналып жатып, қорқып оянып кеттім таңғы 4,30 екен, орнымнан тұрып, су ішіп, ары-бері жүріп қайта жаттым. көзім ілінгені сол екен таңғы 7.30 ға дейін әлгі түстің жалғасын көрдім. сол оқиға тура. тек бір-екі кейіпкер қосылған. ұмытып та қалмадым сол түсті. әлі санамда сайрап тұр.

+0
04 шілде 2012, 17:35

Кейде бір түс көріп оянып кетіп, қайта көз ілгенде жалғасып кететін түстер болады. :roll:

+0
04 шілде 2012, 18:02

Осындай да болады, рас, мен кішкентайымда көрген бір-екі түсім дәл кеше көргендей есімде

+0
04 шілде 2012, 17:34

Менде кей кезде түс көріп жатып, ондағы оқиғалардың түс екенін біліп жататын сәттерім болады. Кейде бір нәрсені қатты ойлап жүрсең, түсіңе кіретіні болады.

+0
04 шілде 2012, 18:19

КЕйбір түстерді целую вечность көргендй боласың. Бірақ түстердің ұзақтығы тек секундтар ғана деседі.

+0
04 шілде 2012, 18:26

мен көбіне "МузАрт" тобымен бірге жүремін түсімде, оянып кетіп жылағым келетінін көрсеңіз))))) , сосын тағы бір түс бар қорқынышты, тура солай қайталап көре берем((

+0
04 шілде 2012, 18:29

Мен өмірі террористерден қашып жүремін. Соғыс көп көремін. :?

+0
04 шілде 2012, 21:13

:lol: :lol: :lol: :lol: Контр страйк ойнайсың ба менімен?

+0
04 шілде 2012, 22:00

:lol:

+0
04 шілде 2012, 18:36

Менің түстерім басында титры болып басталатын кездер болған) фильм сияқты

+0
04 шілде 2012, 18:47

Түсімде Өте үлкен биіктіктен құлап бара жатып, шошып оянамын. Осы көп қайталанады.

+0
05 шілде 2012, 02:04

селк ете қаласың ба?

+0
05 шілде 2012, 02:06

Жоқ селк ете қалам :lol:

+0
05 шілде 2012, 11:27

болды онда сен екі қабатсың ғо :lol: 8-)

+0
06 шілде 2012, 12:18

ұятсыз :lol:

+0
04 шілде 2012, 19:36

мен үнемі жалаңаяқ жүрем. Бұрын мектепте ед, қазір университетте жалаңаяқ жүрем :)

+0
05 шілде 2012, 02:17

түнімен ұйықтамасаңыздар,қандай түс?

+0
06 шілде 2012, 12:57

Менің 1 қорқынышты түсті көріп жүргеніме 1 жылдан асып кетті :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...