Дене массасының индексі

Дене массасының индексі

Дене массасының индексі — адамның дене массасының бойына шаққандағы шама. Ол салмағыңызға баға беріп, "Маған арықтау керек пе?" деген сұраққа жауап береді.

Дене массасының индексі мына формула бойынша анықталады. 

I=\frac,

мұндағы:

  • m — дене массасы килограммда;
  • h — бой ұзындығы метрде.

Бұл шаманы 1869 жылы бельгиялық социолог және статистик Адольфом Кетеле ойлап тапты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дене массасының индексінің мынандай түсініктемесін ұсынып отыр.

Дене массасының индексіМағынасы
16 және одан төмен Массаның аса дефициті
16 - 18.5 Масса дефициті
18.5 - 25 Қалыпқа сай
25 - 30 Қалыптан артық
30 - 35 Бірінші дәрежелі семіздік
35 - 40 Екінші дәрежелі семіздік
40 және одан жоғары Үшінші дәрежелі семіздік

Дене массасының индексі арқылы адам салмағының артықтығы туралы пікір айту дұрыс емес. Мысалға, спортшылардың дене массасының индексінің жоғары болуы бұлшық ет массасының жоғарылығымен түсіндіріледі. 

Ғалымдардың зерттеуі бойынша 25-27 аралығындағы шамаға тең дене массасының индексі бар адамдардың ғұмыры басқаларға қарағанда әлдеқайда ұзын.

Сондай-ақ қалыпты массаны анықтау үшін басқа да индекстер қолданылады:

  1. Брок индексі 155-170 см бойлы адамдар қолдана алады. Қалыпты салмақ = (бой ұзындығы [см] — 100) — 10.  
  2. Брейтман индексі.  Қалыпты салмақ = бой ұзындығы [см] • 0,7 — 50 кг.
  3. Давенпорт индексі. Салмақ [г], квадратталған бой ұзындығына бөлінеді [см]. Мәні 3,0-ден жоғары шықса, салмағыңыз артық екенің көрсетеді.
  4. Ноорден индексі. Қалыпты салмақ бой ұзындығы [см]• 420/1000.
  5. Татон индексі. Қалыпты салмақ = бой ұзындығы-(100+(бой ұзындығы-100)/20)

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: jianfei.fh21.com.cn

С. А