Артық салмақтан арылтуға арналған пайдалы кеңестер

Артық салмақтан арылтуға арналған пайдалы кеңестер

Адам баласы артық салмақтан арылу үшін физикалық белсенді өмір салтын жүргізсе де, оның денесінен бірінші көмірсу, ал сосын май кетеді. Сондықтан күрделі үдеріске моральді тұрғыдан дайын болуыңыз керек.

Сенім

Алдымен алға қойған мақсатты орындай алу мүмкіндігіңізді анықтап алыңыз. Сенімі төмен адамдардың сүбелі нәтижеге жетулері қиын болады. Мұндай адамдардың ойында кез келген әдіс пайдасыз, ал өзінің мүмкіндіктері шектеулі болып көрінеді. Сол үшін өзіңізге деген сеніміңізді арттыруға бар күшіңізді салыңыз. Күнделікті мұны жасау қолыңыздан келетіні туралы өзіңізге іштей айтып отыруды ұмытпаңыз.

Ас тәртібі

Артық салмақ қосу тамақтану тәртібінің дұрыс болмауынан да болады. Мысалы, сіз өз межесінде ас тұтынбай жүрген болсаңыз, көп өтпей оның да кері әсері көріне бастайды. Тамақты үш мезгіл тұтыну әдеткі жағдай. Дегенмен, қалауыңызша жей беруді тоқтату керек. Нақтырақ айтсақ, сізге жеткілікті қуат беретін тамақты артығырақ жеуден арылыңыз.

Күнделікті физикалық белсенділік

Артық салмақтан арылғысы келгендердің басым бөлігі физикалық белсенділік дегенде тек спорттық жаттығулар мен таңертеңгі жүгіруді ойлайды. Дегенмен, физикалық белсенділік тек спорттық қимылдардан тұрмайды. Сіз күнделікті өміріңізде тек қозғалыста жүруге тырысыңыз. Бір орында отыра беру де артық салмақтың пайда болуына алып келеді.

Диета

Тамақтану тәртібіне белгілі бір уақыт бойынмен диеталық өнімдерді енгізе бастаңыз. Оны бірден өзгерте салу да сіздің денсаулығыңызға ауыр тиюі мүмкін. Сондықтан алдымен асқазанды бейімдеп алу керек. Көбіне көкөністер мен құрамында калориясы аз тағамдарды күнделікті тұтыну мәзіріңізге қосыңыз.

Салауатты өмір салты

Расында, салауатты өмір салтын жүргізетін адамдар тамақтану туралы аз ойлайды. Ғалымдардың айтуынша, физикалық тұрғыда немесе санамен жұмыс істеу кезінде адам баласы тамаққа деген тартымдылығына тәуелді болмайды. Керісінше, пассивті қозғалыс кезінде, нақтырақ айтсақ, демалып жатқан кезде түскі астың қашан дайын болатыны ойдан кетпейді екен.

Өз дене бітіміңізді тұрақты бақылауда ұстау қолыңыздан келеді!

Суретwww.feminahealth.co.za

Қ. Бүйенбай