Таңертеңгі төрт тәртіп

Таңертеңгі төрт тәртіп

Денсаулығыңыздың жақсы болғанын қаласаңыз, оны күту керек. Ол үшін салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданып және дұрыс тамақтаныңыз. Бүгін біз сіздерге таңертең орындалуы тиіс тәртіптерді айтамыз. Ол бар болғаны бес минут уақытыңызды алып, сіздің денсаулығыңызға көп пайдасын тигізеді. Ең бастысы, бір жүйемен жүрсеңіз болғаны. Уақыт өте келе әдетке айналдырасыз. Ал оны жүзеге асыру үшін сізге лимон, бал, су және сутек тотығы керек болады. 

1. Тіліңізді тазалаңыз

Барлықтарыңыз таңертең тісіңізді тазалайсыздар. Сол кезде міндетті түрде тіліңізді де тазалауыңыз керек. Өйткені ол арқылы асқазанымызға түсетін бактериялардан құтыла аласыз. Сонымен қатар тіліңіздегі бактерия жағымсыз иіс шығарады. 

2. Бір стақан қайнаған су ішіңіз

Таңғы ас ішер алдында, шамамен 20 минут бұрын бір стақан қайнаған су ішу керек. Оған лимонның кішкентай бөлігін салуды немесе лимон шырынын қосуды ұмытып кетпеңіз. Мұндай қарапайым сусын не үшін пайдалы десеңіздер, ол ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіріп, бауырыңызды тазалайды. Өйткені лимон шырынының құрамында кальций, натрий, калий, магний, секілді микроэлементтер бар. Және В мен С тобындағы дәрумендерге бай. 

3. Табиғи бал жеңіз

Тағы да таңғы ас алдында бір шай қасық бал жеп, артынан су ішіңіз. Бал - дәрумендер мен микроэлементтердің қайнар көзі. Оның құрамында жеміс шырыны және глюкоза өте көп. Ал ол ағзаға күш-қуат беріп, жұмысқа құлшынысыңызды оятады. Иммунитетіңізді көтереді. 

4. Сутек тотығы қосылған ерітіндімен аузыңызды шайыңыз

Таңғы асыңызды ішкеннен кейін аталған ерітіндімен аузыңызды шаюды ұмытпаңыз. Ол сізді түрлі тіс және қызыл иек ауруынан қорғайды. Аузыңыздан жағымсыз иісті кетіріп, тісіңізді ағартады. 

Сурет: plus.google.com

Ұқсас жазбалар:

Таңертең көзіңіз ісіп тұрса...

Таңертең қалай ерте тұруға болады?

Таңертең ерте тұруға қиналатындар үшін 8 кеңес

Ж. Исакаев