Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Ми жұмысын жақсартыңыз-2

Ми жұмысын жақсартыңыз-2

Ми жұмысын жақсартыңыз-2

Ми - адамның ең аз зерттелінген ағзаларының бірі. Дауасы жоқ аурулардың көбісі осы миға байланысты неврологиялық аурулар екен. Олардың алдын алып, миыңыздың дамуын жақсартамын десеңіз, миды жаттықтырудың әдістерімен таныс болыңыздар. 

1. Ишарат тілін үйреніңіз.

2. Музыкалық аспаптың кез келгенінде ойнап үйреніңіз.

3. Кітапты уақытқа тез оқып көріңіз.

4. Уақытты ойша шамалап айтып көріңіз. Осы қасиетті дамытыңыз.

5. Дүкенде сатушыларға сенбей, ақшаңызды ойша санап жүріңіз.

6. Танысқан адамдардың есімдерін бірден есте сақтауға тырысыңыз.

7. Күнделікті бірнеше минут тыныштықта қалып, еш нәрсе жайлы ойламай, демалыңыз.

8. Теледидарды барынша аз қараңыз.

9. Өзіңізді басқа біреудің орнына қойып көріңіз. Және басқа біреу сіздің орныңызда қандай шешім қабылдайтыны жайлы да ойланып жүріңіз.

10. Өз-өзіңізбен тілдесетін, жалғыз қалып, ойланатын уақыт табыңыз.

11. "Өзіме күнделікті жаңа нәрсе ашамын" деген уәде беріңіз. 

12. Басқа елге саяхаттап не басқа халықтың дәстүрлері мен тіршілігі жайлы білуге тырысыңыз.

13. Көпшілік мойындаған әлемдік данышпандардың туындыларымен таныс болыңыз.

14. Қызығушылықтарыңыз бірдей кісілермен жиі әңгімелесіп тұрыңыз.

15. Әр кезде біреумен бәсекелесуге тырысыңыз.

16. Сізді жақтайтын ойларға қоса, қарама-қарсы пікірлерді тыңдаудан бас тартпаңыз.

17. Өзіңізге ұнайтын афоризмдерді жинақтап жүріңіз.

18. Классикалық өнер туындыларын оқыңыз.

19. Қиындықтарыңыз жайлы өзіңізге дауыстап айтуды әдетке айналдырыңыз.

20. Басыңыздан өткен қандай да бір оқиғаны егжей-тегжейімен айтып беріңіз.

21. Түрлі иістер мен дәмдерді ажыратып үйреніңіз.

22. Біреумен дауласқанда өз ойыңызды дәлелдермен келтіруге тырысыңыз.

23. Бір оқиғаны есіңізге алғанда көзіңіздің алдына сол сәтті бейнелеуге тырысыңыз.

24. Түстеріңізді жазып жүріңіз. Есіңізде болсын, әдетте адам оянғаннан кейін 5 минуттан кейін түсін ұмыта бастайды. "Түс күнделігін" ашып, ұйқыдан тұрғаннан кейін бірден жазып алуды әдетке айналдырыңыз.

25. Жұмысқа не үйге түрлі жолдармен барыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: wiki.ciit.zp.ua

891 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 28 маусым 2012, 14:08
Пікірлер
+0
28 маусым 2012, 14:19

түстерімді жазып жүрмесем :)

+0
28 маусым 2012, 14:37

Қой жазба! Баяғыда бір қыз жазып жүрген еді, кейін барлығы шын боп шықты, ана қызды біреу алып қашады түсінде, сосын өңінде де алып қашады, болған оқиға. Сені де біреу алып қашпасыншы, өтінемін :oops:

+0
28 маусым 2012, 14:45

мяу мяу :roll:

+0
28 маусым 2012, 14:51

мен көзімді ақшитқанға сіз де ақшитып жатсыз ба? :D

+0
28 маусым 2012, 14:59

ақшиған көзіңнен айналайын :mrgreen:

+0
28 маусым 2012, 15:07

Мені тіпті қыстырмайсыңда ғой, менсінбейсің!!! Жә-жә жарар өткен күн оралар ма? Менсінбесе қойсын. ренжи сал оған болды.

+0
28 маусым 2012, 15:13

хм... маған мұң шағып жатсыз ба? ))

+0
28 маусым 2012, 15:15

Жоға сүйетін қызыма солай істеп жын ұрды ма?

+0
28 маусым 2012, 15:24

жын ұрған болуы керек )

+0
28 маусым 2012, 15:28

Жынды шығару оңай ғой, білміллә, бісміллә деп 3 рет айтсаң болды)))))))

+0
28 маусым 2012, 14:38

қиындықтарды неге дауыстап ату керек???

+0
28 маусым 2012, 14:38

айту керек? :?:

+0
28 маусым 2012, 15:33

Өзің мойындайсың сонда қиындықтың бар екенін, әйтпесе еске түссе болды, ұмытқың келіп тұрады ғой...Сосын шешуге тырысасын

+0
28 маусым 2012, 15:00

бірнеше минут тыныштықта қалып, еш нәрсе жайлы ойламау деген қиын ғой

+0
28 маусым 2012, 15:33

үйреніп алсаң, пайдасы тиеді.

+0
28 маусым 2012, 16:03

оның қандай пайдасы бар??? :roll:

+0
28 маусым 2012, 16:05

демаласыз)

+0
28 маусым 2012, 16:07

ұйқы жетпей ме не? :roll:

+0
28 маусым 2012, 16:13

Өз-өзіңізбен тілдесудің қандай пайдасы бар? неге бәрін талқыламағансыз! Талқылап беріңізші :ugeek:

+0
28 маусым 2012, 19:44

Өз-өзіңмен сөйлесу деген - өз-өзіңе сырттай қарау... Өз-өзіңмен сырласу.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...