Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Жүгірудің пайдасы

Жүгірудің пайдасы

Жүгірудің пайдасы

Жаздың жайма шуақ күндерінде жүгіріп, денсаулығыңызды түзетіп алыңыз. Себебі, жүгіру көңіл күйді көтеріп, артық салмақ пен ұйқысыздықпен күресуге жол береді.

Күнделікті таңертең көше не саябақ ішіндегі жолдың бойымен жүгіріңіз. Егер де жүгіруге ерініп, оның орнына жылы төсекті құп көрсеңіз, сіздің күш-жігеріңіздің деңгейі өте төмен. Ал жүгіру болса, сізге күш беріп, рухтандырады. Жүгірудің арқасында бойыңыздағы жалқаулық, жауапсыздық сияқты қасиеттерден арыласыз. Сәйкесінше, сенімділік, шыдамдылық сияқты қасиеттерді бойыңызға сіңіресіз.

Басыңызға қиындықтар түсіп, сәтсіздікке ұшырасаңыз, жүгіріңіз! Себебі, жүгірген кезде адам бойындағы барлық жағымсыз ойлардан арылады. Сондай-ақ, жүгірудің арқасында көңіліңіз көтеріліп, талай мәселелердің шешімін таба аласыз.

Жүгіру арқылы басқа жандармен танысып, достарыңыздың қатарын  кеңейтесіз. Сондай-ақ, көптен бері кездеспей, сырласа алмаған құрбыңызға бірге жүгіруді ұсынып, дидарласыңыз.

Жүгірудің басты пайдасы - денсаулықты түзету. Ұзақ ғұмыр кешем десеңіз, жүгіріңіз. Жүгіру иммунитетті көтеріп, жүрек қан тамырларының жұмысын жақсартады. Сондай-ақ, ұйқысыздықтан арылып, арықтауға жол береді.

Жүгірудің алдында 1 сағат бұрын 1 кесе ыстық шәй не 1 стакан айран ішіп, алма я банан жеп алыңыз. Ал жүгіріп болғаннан кейін жаттығулар жасаған абзал.

Күн сайын жүгірудің уақытын көбейтіңіз. Жүгірген кезде жеңіл әрі ыңғайлы киім киіп, ыңғайлы аяқ киім таңдаңыз. Егер де жүгірген кезде өзіңізді нашар сезінсеңіз, демалып, күш жинаңыз. Екі-үш күндік үзілістен кейін жүгіруді қайта қолға алыңыз.

Ауа-райы нашарлап, жаңбыр я қар жауған кезде жүгіруге болады. Бірақ та, аяздан қорықсаңыз, жаттығу залына жазылыңыз.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: woman.ru, sportsday.com

25896 7
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 27 маусым 2012, 11:52
Пікірлер
+0
27 маусым 2012, 12:33

Мен жүгіре бастағам, бірнеше апта болды

+0
27 маусым 2012, 12:37

Нұрлан Абдуллин жылдың төрт мезгілінде үздік таңертең жүгіреді. Өзім куә болғанмын талай рет.

+0
27 маусым 2012, 13:50

Сондада арықтамайд! Қыздар, арықтау үшін жүгірсеңдер бос әуре :mrgreen:

+0
27 маусым 2012, 14:19

Арықтаймын деп жүгіріп тастап кетсең, екі есе толып кетесің, менің тәжірибиемнен өткен!

+0
27 маусым 2012, 14:33

Кеттім жүгіруге))

+0
03 шілде 2014, 14:38

жүгіруді тастап кетсең толып кетесің деген рас па?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...