Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Ыстық күннен қорғану

Ыстық күннен қорғану

Ыстық күннен қорғану

Жаз бел ортасына тақап қалды, сәйкесінше күн температурасы да +30 көрсеткішінен біраз уақытқа түспейді деген сөз. Мұндай кезде жұмыс істеу түгілі, демалу да қиындай түседі, әсіресе қалалық жерлерде. Мұндай кезеңді денсаулыққа зиянсыз етіп өткізу үшін бірнеше қарапайым ережелерді ұстану керек.

Ыстық күнде дұрыс тамақтану өте маңызды. Дәрігер-диетологтар бұл уақыттары көкөністер мен сүт тағамдарын көбірек тұтынып, ал ет және мал майларынан бас тартқан жөн дегенді айтады. Тамақты қатты тойып ішпеген дұрыс. Ыстық күндері таңертең әдетте асқа тәбет болмайды, сондықтан ағзаны қинап ішудің қажеті жоқ. Ал бірақ міндетті түрде бір стақан сұйықтық ішіп алған дұрыс.

Шөлді көк шаймен, газы жоқ минералды сумен, сонымен қатар қайнаған су араластырылған шырынмен басу керек. Квас немесе лимон мен бал қосылған су да жақсы сергектік береді. Ыстық күндері сүт өнімдерінен жасалған – айран, йогурт, ашытқы сияқты сусындар өте пайдалы. Ал бірақ бұл кезеңдерде қатты диета ұстамаған абзал. Егер арықтағыңыз келсе, тек аз калориялы тағамдар тұтыныңыз.

Далада спортпен айналысуды да салқынырақ мезгілге қалдырған жөн – физикалық жаттығулар ағзаның құрғауына әкелуі мүмкін.

Жазғы ыстық ағзаға салмақ түсіреді. Ауаның ыстық температурасынан тер көп бөлініп, жүрек тез қағады. Демалу жиілеп, ағза ылғалдан, дәрумендер мен минералды тұздардан арылады, әсіресе жүрек бұлшық еттеріне маңызды магний және натрийге тапшы болады. Сондықтан ыстық күн жүрек-қан тамырларымен ауыратын адамдарға өте қауіпті. Ыстық күндері гипертониялық аурулары, жүрегінің ишемиясы барларда жүрек ұстап қалу қаупі бар. Қан қысымы төмен адамдарда әлсіздік пайда болады. Сондықтан, мұндай адамдарға дәрігерлер ыстық күнде ағзаға физикалық салмақ салмай, адам толы көлікте жүрмеуге, қан қысымын бақылап, тұзды тағамдарды көп пайдаланбауға кеңес береді.

Қан тамырлары ауыратын адамдар суық суға түсерде абай болғаны жөн. Егер ауа температурасы мен су температурасының айырмашылығы 10 градустан асса, суға түсу жүрек ұстап қалуына негіз бола алады. Күннің астында көп жатып, бірден суға кіре кетпеңіз. Суға түсер алдында денеңізді уқалап, жаттығу жасаңыз. Ал судан қатты дірілдемей тұрып шыққан жөн.

Сурет: profi-forex.org

Дайындаған: Анар Мұстафина

1694 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 26 маусым 2012, 15:15
Пікірлер
+0
26 маусым 2012, 14:38

сұйықтықты көп ішіп жүрмін :)

+0
26 маусым 2012, 14:44

күн ыстық болғанда қалтаңа влажный салфетка салып қойсаң жетеді

+0
26 маусым 2012, 14:45

Басты эксперт сөйледі ғой :lol:

+0
26 маусым 2012, 14:46

айтпа :lol: ауылда күн ыстық болса, далада ыстық самаурынмен ыстық шай ішіп отыратындарын қайтесің :lol: :lol: :lol:

+0
26 маусым 2012, 14:47

:lol:

+0
26 маусым 2012, 14:56

басты экперт )))))))))))))

+0
26 маусым 2012, 15:09

Қазірге тура келетін кеңес екен, рахмет. Менің де бір кеңесім бар. Ыстық күні метроға кіріп, бір тоңып шығуға болады.

+0
26 маусым 2012, 17:19

:lol:точно! ыстықтап келе жатып метроға кіру әдетімізге айналып кетті құрбым екеуміздің :D

+0
26 маусым 2012, 15:30

сыра ішкім кепкетті ғой )))

+0
26 маусым 2012, 15:54

Ал мен квас ішкім келіп кетті ))) :)

+0
28 маусым 2012, 14:33

көк шай тиімді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...