Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Шынайы сұлулықтың 9 ережесі

Шынайы сұлулықтың 9 ережесі

Шынайы сұлулықтың 9 ережесі

Шынайы сұлулық дегеніміз не? Шығыс даналарының айтуы бойынша, шынайы сұлулық дегеніміз ең әуелі мықты денсаулық. Денсаулығы мықты жан ғана әр кез жадырап, өзін жақсы сезінеді.

Әр әйел заты өзін күтеді. Әрқайсысының өз құпиясы бар. Мысалы, Мысыр елінің ханшайымы Клеопатро сүтті суға шомылған екен. Ал Софи Лоррен күнделікті көп мөлшерде таза су ішіп тұрады. Анжелина Джоли болса, тісін құлпынаймен ысқылайды екен.

Америка ғалымдары шынайы сұлулықтың бастауы денсаулықты күтуден келетінін ғылыми түрде дәлелдей отырып, сұлулықтың тоғыз ережесін жасады.

№1 -  Дұрыс ауқаттану. Тамақтану уақытын сақтау керек. Таңертеңгі ас мәзірінде жұмыртқа немесе сұлы жармасының ботқасы болған жөн. Тәтті тоқаш, кәмпит, шәрбеттің орнына жеміс-жидектерді, кептірілген өрік-мейіздерді, бал сияқты пайдалы тағамдарды пайдалану керек. Түскі астан кейін, міндетті түрде, жеміс шырынын не нәрсу ішу керек.

№2 – Таза су. Күнделікті 7-10 стакан таза су ішіп тұру керек. Су ас қорыту жүйесін жақсартып, ағза температурасын бір қалыпты ұстап тұрады. Таңертең аш қарынға бір стакан таза су ішкен жөн. Ара-тұра су диетасын ұстауды ұмытпаңыз.

№3 – Өсімдік майлары. Ас қорыту жүйесі мен ағзадағы зат алмасу процесін жақсарту үшін таңертең бір ас қасық асқабақ, зәйтүн, күнжіт т.с.с. өсімдіктердің майын ішіп тұру керек.

№4 – Ұйқы. Белгілі себептерге байланысты ұйқы бұзылуы мүмкін. Сондықтан да, кешкі уақытта бір сағатқа ерте жатып, уақытылы ояныңыз. 2-3 күннен кейін өзіңізді жақсы сезінетін боласыз. Ұйқыңыз келмеген жағдайда жалбыз жапырақтарынан қайнатылған шәй немесе бал қослыған сүт ішіп алыңыз. Сондай-ақ, жатар алдында бөлмеңіздің терезесін ашып, ауаны тазартып алыңыз. Далаға шығып, 10-15 минут таза ауада серуендеп қайтыңыз.

№5 – Монша. Айына 1-2 рет моншаға барып тұрыңыз. Моншаға түскен адам жаман ойлардан арылып, өзін жақсы сезінеді. Ыстық бу шаш пен тырнақтың жақсы өсуіне ықпал етеді. Сондай-ақ, тері де жақсарады.

№6 – Мұз кескіні. Түймедақ немесе ақжелкенді қайнатып, суыған кезде арнайы ыдысқа құйып, мұздатқышқа салып қойыңыз. Қатқан мұз кескінін алып, күн сайын таңертең бет-мойыныңызды сүртіп отырыңыз. Мұз кескінінің арқасында теріңіз жасарып қалады.

№7 – Тазарту. Мүмкіндік болса, айына кем дегенде бір рет косметологиялық процестен өту керек. Алайда, қалта көтермесе, бет-жүзіңізді үйде-ақ тазарта аласыз. Бетіңізге бал қослыған сұлы жармасын жағыңыз, жеміс-жидектердің (киви, алма, банан) тілімдерін қойып, 10-15 минут жатып демалыңыз. Сондай-ақ, көзіңізге қияр не картоп тілімін қоюға болады.

№8 – Балшық. Кез келген дәріханадан балшық ұнтақтарын сатып алуға болады. Кішкентай шараға жылы су құйып, оған балшық ұнтақтарын салып, араластырыңыз. Кейін бет-мойыныңызға жағып, 15-20 минут жатып демалыңыз. Сосын жылы сумен жуыңыз. Балшық беттегі қара дақтарды, безеу-бөрткенді, әжімдері кетіреді.

№9 – Спорт. Спортпен тұрақты түрде шұғылданыңыз. Ол үшін, міндетті түрде, жаттықтыру залына бару шарт емес. Таңертең 10-15 минут жүгіріңіз немесе жаяу жүріңіз. Жұмыс уақыты кезінде ара-тұра үзіліс жасап, жаттығуларды орындаңыз. Демалыс күндері достарыңызбен бірге доп теуіп, теннис ойнаңыз.

Аталған тоғыз ережені күнделікті өмірде қолданып, талаптарды орындасаңыз, денсаулығыңызды жақсартасыз. Сонда ғана жүзіңізден күлкі кетпей, үнемі көтеріңкі көңіл-күйде боласыз.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: woman.ru, ladyart.com

21172 5
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 26 маусым 2012, 14:00
Пікірлер
+0
26 маусым 2012, 11:56

Мұз кескіні туралы бұрын-соңды естімеппін!

+0
26 маусым 2012, 12:21

10. Позитив көру, күліп жүру, ұрысқақ болмау)
11. ҒАШЫҚ БОЛУ!!! Осы болса, бітті, красавицасың)))

+0
26 маусым 2012, 15:56

Міне, міне, нағыз кеңес!

+0
26 маусым 2012, 12:52

көңіл-күйің көтеріңкі болса, сұлусың :)

+0
26 маусым 2012, 15:56

Жазғы ыстықтарда жеміс-жидек, көкөністерден салат жеген дұрыс.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жайна Сламбек:
Жайна Сламбек: "Мен уақытты қадірлейтін, миды "қоқыр-соқырмен" толтырмауға тырысатын адамдардың бірімін"

Бәрінің бастауы - көркем әдебиет. Кітап оқымайтын ұлтқа айналып барамыз, кілтипан...

Отбасымен өткізген әр күніміз бір ертегі
Отбасымен өткізген әр күніміз бір ертегі

"Отбасым - ол менің бар байлығым, баға жетпес асыл қазынам! Отбасым - ол менің аяулы...

Аспазхана,дәмхана құпиялары
Аспазхана,дәмхана құпиялары

Әр мамандықтың өзіндік құпиялары мен сырлары болады. Біз бүгін аспаз болудың...

Құлтемірдің құлы болма!
Құлтемірдің құлы болма!

Телефондарға адам баласынның қызмет етуі


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...