Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Шашты ұштанудан сақтаңыз

Шашты ұштанудан сақтаңыз

Шашты ұштанудан сақтаңыз

Ұштанған шаш кез келген шаш сәнінің сымбатын бұзып, көзге оғаш етіп көрсете алады. Қазіргі кезде арулардың шаштарына байланысты басты қиындықтары осы. Ал шашын өсіремін деушілер бұл қиындыққа мүлдем дауа таба алмай жатады. Алайда бұл мәселенің де шешімі бар. Мына кеңестер сізге ұшталған шашпен күресуде көмектеседі. 

Шаштың қажетті мөлшерде ылғал алатындығына көз жеткізіңіз. Ол үшін күніне 2 литрдан кем емес су ішіп, құрамында дәрумендер мен минералдар болатын тағамдарды жеген жөн.

Шашқа арналған кондиционер. Әр кез шашыңызды жуғаннан кейін кондиционер қолдануды ұмытпаңыз. Себебі сусабын әсерінен шаш құрғап, ылғалдан айырылады. Ал кондиционер шашты ылғалдандырып, тез өсуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар шаштың ұштануының алдын алады.

Сусабынды барынша аз қолдануға тырысыңыз. Тым жиі не тым көп мөлшерде қолданылған сусабын шаштың табиғи майлы қорғаныс қабатын жұқартып, ұштануына әкеледі. Шашыңызды екі не үш күнде бір рет жуған дұрыс. Әрине бұл шашыңыздың майлығына, бас терісінің түріне де байланысты болады. Шашыңызды күнделікті жууға тура келсе, сусабын мен шашқа арналған кондиционердің екеуінің біреуін қатарлап қолданыңыз.

Температуралық әсерді азайтыңыз. Фен, түзулеткіш, плойка шашқа үлкен зиян әкеледі. Бұлардың бәріне бірден жоқ деу қиын. Біртіндеп бигудилерге, суық ауамен кептіруге көшіп, артынан олардан да бас тартыңыз. Шашыңыздың бөлме температурасында өзі кепкені дұрыс.

Бассейн, көлдерде жиі шомылатын болсаңыз, шашыңызды қорғайтын шараларды қолға алыңыз. Хлор, тұзды су шашты құрғатып, ұштануына әкеледі. Шашыңызға қорғаныс кондиционер, сарсу, спрей жағып емдеңіз.

Шашыңызды орамалмен сығып кептірмеңіз. Бұл шашыңызға феннен кем емес зиян әкеледі. Дұрысы шаш жуып болғаннан кейін қолыңызбен абайлап шашыңызды сығып алыңыз. Орамалмен тек артық суды сіңіріп алса болады.

Шашыңызды жүйелі түрде қиып жүріңіз. Шашыңызды өсіремін десеңіз, 2-3 айда бір рет, басқа жағдайда айына бір рет қырқып жүрген жөн. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: blog-stilista.com

2722 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 22 маусым 2012, 14:33
Пікірлер
+0
22 маусым 2012, 14:48

Мен бал жағамын, содан шашым ұштанбайды

+0
22 маусым 2012, 15:03

рас па? Көмектесе ме?

+0
22 маусым 2012, 15:08

шашқа арналған мына маска керемет әсер береді. өзім қолданамын. 1 жумыртқа, бір ас қасық көлемінде оливковый май және осындай көлемде бал қосып әбден араласқанша шайқап, сосын сусабынмен жуылып тазартылған шашқа жағып қойып 10-15 минут кутесіз де артынан тағы да сусабынмен шайып тастайсыз. шашаңыздың реңі кіріп қалғанын бірден байқайсыз :)

+0
22 маусым 2012, 15:28

Бүгін жасап көремін

+0
22 маусым 2012, 15:53

менің бір құрбыма ұқсап артынан сусабынмен жу дегенді ұмытып кетіп, шашымның майы кетпеді ғооойй деп жүрме :lol: :lol: :lol:

+0
22 маусым 2012, 19:36

хехе, жақсыы

+0
22 маусым 2012, 15:25

Менің шашым ұштанып жүр, қырықтырайын десем тыыым қысқа болып қалатын сияқты

+0
22 маусым 2012, 17:03

менің шашым ылғи ұштанып жүреді, қысы-жазы... қырқа бермін. Бірақ, шашым ұзын ажептеуір 8-)

+0
22 маусым 2012, 17:12

Мен фен қолданбаймын. Шаштарымды жуған соң қатты уақалап сүртпей, орамалмен орап қойып, кейін жайып кептіремін. Міне, бір жыл болды, шаштарым ұштанбайды.

+0
22 маусым 2012, 17:27

Сания, қонақ күту туралы жазыңызшы. Мен үйдегі баяғы апамның қонақ күту кітабын оқыдым, бірақ қазір заман басақа, ол тәсілдер өзгерген ғой. Мүмкіндік болса сол туралы жазсаңыз. Рахмет.

+0
22 маусым 2012, 19:37

жақсы)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...