Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Таңмен оянамын десеңіз

Таңмен оянамын десеңіз

Таңмен оянамын десеңіз

Жаңа жұмысқа шығып, не қосымша курстарға жазылдыңыз ба? Таңертең тұра алмай жүрсіз бе? Күнделікті кеш жатып, түс ауғанда оянатын адамға күн тәртібін бұзып, таң атпай оянған қиын, тіпті, мүмкін емес сияқты. Алайда мына кеңестер сізге осы жолда көмектеспек.

1. Бірден таңғы 6-да оянамын деп ойламаңыз. Күнде алдыңғы күннен 15-30 минут ертерек оянып үйреніңіз. Осылайша біртіндеп қажетті уақытыңызға дейін апарасыз.

2. Ұйқыға ерте жатыңыз. Негізі кеш жатпай-ақ ерте оянуға болады. Алайда күні бойы шаршап, көңіліңіз болмай, еш іс тындыра алмайсыз. Ал келесі күні екі күннің есесін ұйықтап тұрасыз. Сондықтан ұйқының қануы - шарт. Сол себепті ерте тұрамын десеңіз, ұйқыға ерте жатыңыз. Көбіміз ұйқыға ерте жатпауымыздың себептері - теледидар, ғаламтор және ұйқымыздың келмеуі. Ұйқыңыз келмесе де, төсекке жатып, қызықты кітап оқысаңыз, көп ұзамай ұйықтап қаласыз. 

3. Оятқышты төсектен алыс қойыңыз. Қасыңызда шырылдаған оятқышты, оянбай-ақ өшіре салуға болады. Ал алыста тұрған оятқышты өшіру үшін амалсыз тұрасыз. Тұрдыңыз ба? Демек ояндыңыз. Енді төсек жаққа қараушы болмаңыз!

4. Бөлмеңізден шығып кетіңіз. Оятқышты өшіріп, төсекке қайтқан сәттеріңіз болды ма? Оған жол бермеңіз! Оятқышты өшіргеннен кейін бөлмеңізден бірден шығып кетіңіз. Жуыныңыз, шай қойыңыз, әйтеуір оянғаныңызды сезінбегенше төсегіңіздің маңына жоламаңыз. 

5. Ойланбаңыз. "Ерте оянып қойыппын, әлі жарты сағат жата тұруға болады..." сынды ойларға жол бермеңіз! Жарты сағаттан кейін оянбайтындығыңызға кепіл беремін.

6. Күніңізді жоспарлап қойыңыз. Таңертеңге маңызды істерді қойып, күніңізді жоспарлап қойыңыз. Бұл сізді ерте тұруға ынталандырады. Таңертеңгі жаттығулар, қосымша курстар, жұмыс, басқа да шаруалар таңертең тез әрі оңай жасалынады.

7. Таң керемет өтсін. Әлбетте ерте оянған қиын, алайда сіздің таңыңыз керемет өтсе, келесі жолы еш қиындықсыз ояна аласыз. Өзіңізге кішігірім сыйлықтар жасаңыз. Ыстық кофе не шай, сүйікті кітабыңызды оқу, дәмді таңғы ас, таңның атуын тамашалау, не өзіңізбен тілдесіп, өзіңізге есеп беру. Әркім көңілінен шығатын іс таба алады. Таңыңыз осылайша сүйікті ісіңізбен басталса, оған еш оятқышсыз-ақ тұрасыз. 

8. Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. Таң атпастан оянып, теледидар қарап жатқан дұрыс емес. Шаруа деген бітпейді: түскі ас әзірлеңіз, үй жинаңыз, жаттығулар жасаңыз, жүгіріңіз. Басқалар ояна алмай жатқан кезде, сіздің талай ісіңіз жасалынып қояды.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

9106 11
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 19 маусым 2012, 14:42
Пікірлер
+0
19 маусым 2012, 15:02

;) жақсы кеңестер, рахмет Сания!

+0
19 маусым 2012, 17:35

оқасы жоқ)

+0
19 маусым 2012, 15:04

Тамаша!!!

+0
19 маусым 2012, 15:46

үшінші кеңеспен келісем мен

+0
19 маусым 2012, 17:30

ояну керек уақыттан 15минут ерте қоямын будильникті, 5минут сайын повторды басып 3ші рет шырылдағанда тұрамын.

+0
19 маусым 2012, 17:39

әркімнің өз тәсілі бар)

+0
19 маусым 2012, 17:41

сіз нақты қай тәсілді қолданасыз :?:

+0
19 маусым 2012, 17:52

кеш жатам, шын айтсам, амал қанша тан атпай турып, шаруаларды тындырамын)

+0
19 маусым 2012, 17:48

мен бурын уйдегілердің "тұр обед болды" дегенінен оянатынмын. Казір "тұр сагат 7 болды!" деген айкайынан оянам :mrgreen:

+0
19 маусым 2012, 17:52

:mrgreen:

+0
21 маусым 2012, 18:11

Рақмет, жақсы кеңестер. Тал түске дейін ұйықтайтындарға таңғаламын. Ерте тұру керек кездерде будильниктен 5 минут бұрын оянып кететін қасиетім де бар :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...