Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Арықтаудың оңай жолдары

Арықтаудың оңай жолдары

Арықтаудың оңай жолдары

Қыздардың арықтауы көп жағдайда қиын болатыны баршаға анық. Диета, спорт, өмір салты... Бәрін бірден өзгерту мүмкін емес сияқты. Алайда салмақ тастаудың көңіліңізден шығатын жолдарын қолдансаңыз, бұл процесс оңай бола алады. Би, жүгіру, жүзу... Осылардың арасында өзіңізге ұнайтын спорт не ойын түрін таңдап, өзіңізді қинамай-ақ арықтай аласыз.

Коньки не роликтер

Саныңыз ылғи қозғалыста болып, жылдамдығыңызға байланысты калориялар жойылады. Сан, аяқ, кеуде бұлшық еттері жаттығады. Коньки не ролик тепкенде қозғалыс жылдамығы мен қадамыңызды өзгертіп жүріңіз. Басында қатты, кейін орташа, одан кейін баяуырақ. Қадамыңыздың ұзындығын өзгертіп, бірде көп аттап, бірде кішірейтіңіз. Коньки не роликтегі жаттығулар сағатына 500-800 ккал кетіре алады.

Жүгіру 

Жүгіргенде адамның аяқ, сан, іш, арқа, иық бұлшық еттері жаттығады. Бұлшық еттер жұмысымен қатар, жүрек жаттығып, өкпе тазаланады, ал артық салмақ кете бастайды. Жүгіргенде алға қарай еңкеймеңіз, арқаңызды тік ұстаңыз. Қолдарыңызды қозғалтып жүгірген дұрыс. Бұнда да қадам ұзындығы мен жылдамдықты өзгертіп отырсаңыз, жаттығуыңыз нәтижелірек болады. Түзу жерде жүгірген оңай болса, тасты, түзу емес жердегі жаттығудан көбірек салмақ жоғалтуға болады. Жүгірудің тиімділігі 1 сағатта 750 ккал.

Секіртпеден секіру

Секіртпеден секіргенде мынандай ерекшеліктерді білгеніңіз жөн. Секіру шапшаңдығын өзгерткен әлдеқайда тиімді. Екі аяқта, кейін оң, сол аяқта секіруге, секіріп жүгіруге болады. Тиімділігі сағатына 680 ккал.

Шеңбер айналдыру

Бұл тәсілдегі ең маңыздысы - дұрыс өлшемді шеңбер таңдау. Алдыңызға қойғанда, шеңбер кеудеңізге дейін жетіп тұруы керек. Калориялардың кетуі үшін шеңберді айналдырсаңыз болғаны. Тиімдірек болсын десеңіз, айналдыру шапшандығын өзгертіп отырыңыз. Сондай-ақ шеңбер көмегімен басқа да жаттығулар орындаса болады. Шеңберді таңдағанда жеңіліне назар аударыңыз: жеңіл шеңберді ауырына қарағанда, айналдыру қиын. Тиімділік сағатына 400-600 ккал.

Теннис не бадминтон ойыны

Бұл ойындар жүгіру, еңкею, созылу сияқты қимылдарды талап етеді. Алайда жұбыңыз болмаса, теннис добын дуалға соғып ойнаса да болады. Дуалдан бірнеше метр қашықтыққа тұрып, арықтай бастаңыз! Сағатына 550 ккал жояды.

Би

"Арықтататын" би түрлері тез, ырғақты билер. Латина, хип-хоп, шығыс билері сізді арықтатып қана қоймай, көңіліңізді көтерері анық. Нәтижелілігі сағатына 440 ккал.

Тез жүру

Жүгіргенде ентігіп қалып, шыдай алмайтын қыздарға таптырмас шешім - тез жүру. Түзу жолдан гөрі, таулы-тасты жол таңдаңыз. Қадамыңыздың ұзындығын барынша азайтып жүрген дұрыс. Денеңізді түзу ұстап, қолдарыңызбен көмектесіңіз. Нәтиже: сағатына 300-450 ккал.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vectorstock.com

129931 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 18 маусым 2012, 14:30
Пікірлер
+0
18 маусым 2012, 14:46

осы арықтау әдістерінің жеті атасы жазылады да жатады... өзіме қатысы болмаған соң соншалықты мән беріп қарамайды екенмін. ал толудың түрлері бар ма? мен кішкене ет алғым келеді. өмір бақи 45-43 кило салмақтамын. 2-3 кило салмақ қосқым келеді ең болмаса...

+0
18 маусым 2012, 15:21

Кеттім мен жүгіруге немесе секіртпеден секіруге)))

+0
18 маусым 2012, 15:47

мен ештеңеге әуре болмайм :D

+0
18 маусым 2012, 15:52

қыздарға жақсы кеңестер екен)))

+0
18 маусым 2012, 16:31

Шеңбер айналдырғам бір кездері, бүйрегім ауырып өліп қала салдағанмын, сосын қой дедім..

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...