Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Пияздың денсаулыққа пайдасы бар ма?

Пияздың денсаулыққа пайдасы бар ма?

Пияздың денсаулыққа пайдасы бар ма?

Әдетте біз пиязды ашып, қабығын қоқысқа тастаймыз. Ал сол қабықтың көмегі мол екенін білесіз бе?

Назарларыңызға бірнеше рецепт ұсынамыз:

Қажалған теріні емдеу. Күстен құтылу үшін пияздың қабығын шыны банкаға салып, ас сіркесін құйыңыз. Банканы пергамент немесе компрестік қағазбен жауып, екі аптаға қалдырыңыз. Содан соң сіркені төгіп, қабықты құрғатыңыз. Ұйықтар алдында қажалған жердің айналасына вазелин немесе басқа да майлы, теріні жұмсартатын иісмай жағып, қажалған жерге қабықты 2-3 мм болатындай қойып, жүннен тоқылған шұлық киіп алыңыз. Таңертең аяқты булауға салып, ақырындап қажалған теріні алып тастау керек. Бұл әдісті бірнеше рет жасасаңыз, күс кетіп, тері жазылады.

Тұмауды емдеу. Пияз қабығы тұмауды оңай жеңеді. Ол үшін қабықты ұсақтап кесіп, 4 ас қасығын қайнаған суға салып, 3-5 минуттай сол судың буымен дем алыңыз.

Варикозды емдеу. Венаның түйнеліп кеңеюі жағдайында пияз қабығының тұнбасын 10 күндей қабылдау керек. Ол үшін 2 ас қасық ұсақталған пияз қабығына 100 мл арақ құямыз. Бұл тұнба бір аптадай тұруы керек. Содан соң сүзгілеп, тамақтануға жарты сағат қалғанда күніне 2-3 рет 20 тамшыдан қабылдап тұру керек.

Немесе 2 ас қасық ұсақталған пияз қабығына 400 мл қайнаған су құйып, 6 сағатқа қалдыру керек. Сүзгіден өткізіп, тамақтануға жарты сағат қалғанда күніне 3 мезгіл ¼ стақаннан ішіп тұрыңыз. Бұны үзбей 7-10 күнде жасау керек. Қайталағыңыз келсе, бір апта күтіңіз.

Құрғақ жөтелді емдеу. 2 ас қасық пияз қабығына 2 стақан су құйып, астын жай қойып, 15 минут қайнатамыз. Бөлме температурасында суытамыз. Сүзгіден өткізіп, жылы күйінде ¼ стақаннан тамақтануға жарты сағат қалғанда күніне 3 рет ішеміз.

Денсаулығыңыз мықты болсын!

Сурет: spoonwithme.com

Оқи отырыңыз:

Жемістің қабығы неге пайдалы?

Сырт келбетімізге күтім жасайық

Сымбатты болуға көмегін тигізетін арзан құрал туралы білесіз бе?

Дайындаған: Фариза Абилова
Қосылған күні: 25 желтоқсан 2014, 17:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.