Ластанған ауа аутизмге алып келеді

Ластанған ауа аутизмге алып келеді

Ғалымдар қоршаған ортаның ластануы туылмаған балада болатын аутизмнің алғашқы белгілерін алып келетінін анықтады. Гарвард университеті қоғамдық денсаулықты сақтау жоғары мектебінің зерттеуші мамандары ауа ластанған ортада аутизммен ауыратын балалардың саны екі есе артқанын алға тартып отыр.

Ғалымдардың айтуынша, өкпеден қанға өтетін лас ауаның азғантай ұшқыны бала аутизмінің дамуына негізгі септік болады. Зерттеу жұмыстары америкалық Environmental Health Perspectives ғылыми журналында жарияланды.

Сарапшы ғалымдар жүкті әйелдерге барынша ластанған ауадан аулақ болуларына жөн сілтейді. Расында өндірістік қалаларда пайда болған смог қабаты адам денсаулығына өте зиян болып табылады. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша, атмосфераның ластануынан жылына 3,7 миллион адам өмірден озады екен.

Гарвард ғалымдары тәжірибе барысында 1767 баланы тексерген. Соның 245-і аутизм дертіне шалдыққандар екен. Аурумен бірге туылған балалардың мекен жайларын анықтап, ондағы ауаны тексеруден өткізген. Нәтижеде аутизмнің лас ауаға тікелей қатысы бар екені анықталды.

Дегенмен, зерттеу жұмыстары аутизмге негізгі себеп болатын ауа екенін дәлелдемейді. Одан бөлек біршама факторлар болуы мүмкін.

Аурудың әкеден балаға берілетіні де ғалымдарды алаңдатады. Аутизмнің негізгі факторларын анықтау оны емдеу мүмкіндігін арттыруға бағытталады. Ағымдағы жылдың басында балада аурудың алғашқы белгілері оның туылуына дейін болатыны да анықталған еді.

Сурет: www.medicaldaily.com

Ж. Өрісбай