Тісіңіз ауырса

Тісіңіз ауырса

1. Кендір қурайдың күзде піскен дәнін жинап, бір ас қасығын бір құты суға қайнатып бұқтырады. Астан соң осы тұнбамен ауызды шайып отырады. Үш күннің ішінде тіс түбінің қақсағанын басады.

2. Теңіз деңгейінен 1700 метр биік таулардағы қалың орман арасында өсетін қарлығаш шөп жапырақтары алақан сияқты ашылып, биік өсетін қурай тектес өсімік көгілдір гүл ашады. Шөбін жазда жинап, көлеңке жерде желге қақтырып, кептіріп жинайды. Осыдан бір ас қасықты 300 г суға бірер минут қайнатып, астан соң жылылай ауызды шаяды. Бір емнің мерзімі 10 күн. Бұл тістің түбін бекітіп, вирустық аурулардың алдын алады.

3. Тіс түбін бекітуге қыр жалбызының да пайдасы бар. Оны қайнатып, әр жолғы астан соң ауызды шайқайды.

4. Тісті ағарту үшін де көп адам әр түрлі әдісті қолданып, әуре болады. Кәдімгі тартып жүрген темекіңіздің күлін таза дәкеге салып, үстінен су тамызып, ылғалдандырыңыз да, тісіңізді ысқылап сүртіңіз. Тісіңіз ағарады.

5. Күнделікті астан соң бір құты қайнаған суға бір шай қасық бал қосып ауызды шайып жүруге де болады. Бұл да тістің ағаруына көмектеседі.

6. Тіс сырқаттарының түрі көп. Соның суықтан болған түрінде тіс түбіне  қанқұрт түседі. Қанқұрт қақсап ауырғанда адам жанын қоярға жер таппай қиналады. Ұйқыдан айрылады. Осы кезде шашыратқының көк гүлі де ем болады. Тіс ауырып тұрғана көк гүлді үзіп, шайнайды, нілін жұтады. Қайнатып ауызды шайқауға да болады. Шашыратқының пайдасынан өзге зияны жоқ.

7. Жас ақтеректің тамырынан шамалап алып, 2 литр суда 200 грамы қалғанша қайнатып, жылылай ауызда шайқайды. Бұл тістің түбін бекітіп, оның түсуіне жол бермейді.

Сурет: uvit2012.ning.com

Ж. Исакаев