Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Бос минутты пайдаға асыр

Бос минутты пайдаға асыр

Бос минутты пайдаға асыр

Жұмыста не сабақта, не үйде бос минутыңыз пайда бола қалды ма? Осы уақытты қалт жібермей, пайдалы өткіземін десеңіз, мына 9 кеңеске көз жүгіртіңіз:

1. Қасыңыздағы біреуді қатты құшақтаңыз. Бұл сіздің де, құшағыңызда абыржыған досыңыз не әріптесіңіздің де көңілін көтеріп, сератонин есімді бақыт гормонының пайда болуына әкеледі. 

2. Жұмыс орныңыздан тұрып, біраз тартылыңыз. Тартылу қан айналымын жақсартып, бір сәтте денеңізге энергия береді. 

3. Қатарынан екі стақан суық су ішіп алыңыз. Мұздай судың салқындату қасиеті денеңізді оятып, бойыңызды сергітеді.

4. Жұмыс орныңызды (сөмкеңізді, үйіңізді) ретке келтіріңіз. Ғалымдар дәлелдеген: қоршаған ортасын қадағалап, реттеп тұратын адамдар өздерін басқаларға қарағанда жақсырақ сезінеді.

5. Дәрігеріңіз не емханаңызға қоңырау шалып, қабылдауға тіркеліңіз. Бұрыннан бері емдей алмай жүрген, қолыңыз тимеген денсаулығыңыздың әлдебір ақауы бар болар? Оны қайта кейінге қалдырмай, қазір тындырып тастаңыз.

6. Терезе ашып, бөлмеңізге таза ауа кіргізіңіз. Әрине жұмыс және оқу орынындағы бөлмелердің бәрі жасанды түрде желдетіледі. Алайда кондиционерлер қауіпін ескеріп, таза ауамен дем алғаныңыз дұрыс.

7. Тоңазытқыш не тамақ сөрелерінен дәмді бір нәрсе алып жеңіз. Алайда оның денсаулыққа пайдасы бар екендігіне көз жеткізіңіз. Тіскебасардың құрамында сізге энергия беретін дәрумендер болуы шарт. 

8. Күнделікті кофенің орнына лимон тілімі қосылған ыстық су ішіп көріңіз. Бұл ерекше сусын детоксикационды қасиетке ие. Осы сусынды сүйіп ішетіндер терілерінің жағдайы жақсарғанын айтады. Лимонды судың сергіту қасиеті кофенікіден кем емес екен.

9. Қолыңызды жуып алыңыз. Күні бойы кеңседегі әр затты бір ұстағандықтан, қолыңыз далада жүргендей кір болады. Қолдарыңызды сабындап жуып, қолыңызға кішігірім массаж жасап қойыңыз. Бұл қолыңыздың біраз демалуына мүмкіндік береді.

Сурет: lady.ru

3244 13
Рейтинг: +4

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 04 маусым 2012, 11:38
Пікірлер
+0
04 маусым 2012, 11:44

Бос уақытта орыннан тұрып, жаттығу жасау керек. :)

+0
04 маусым 2012, 11:54

бәрі де керемет кеңестер екен!!! Рақмет Массагет брат!

+0
04 маусым 2012, 17:02

Оқасы жоқ)

+0
04 маусым 2012, 17:07

Массагет систрионка)

+0
04 маусым 2012, 13:55

Мынаны жұмыс үстелге жабыстырып қою керек екен. ))

+0
04 маусым 2012, 14:22

Қапырық ыстықта (қазір бізде күн ыстық боп тұр) қос қолды білекке дейін суық су астында 10 минут ұстаса, адам душ қабылдағандай сергіп қалады дегенді оқығам, шынымен солай екен))) Анау, біреуді құшақтаудан басқасы маған керек екен))))

+0
04 маусым 2012, 17:03

Табылған ақыл екен!

+0
04 маусым 2012, 14:27

Жақсы әрі пайдалы кеңестер екен!

+0
04 маусым 2012, 15:52

Тамаша кеңестер екен. Тәәәк кімді құшақтасам екен? :)

+0
04 маусым 2012, 17:03

Мені мені))

+0
04 маусым 2012, 17:34

"Қасыңыздағы біреуді қатты құшақтаңыз" қасымдағы адамға жыным ұстайды, құшақтаймын деп өлтіріп алармын :lol: оданша, 9 тармақты орындайыншы)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?
Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...