Беттің ісігін қалай басуға болады?

Беттің ісігін қалай басуға болады?

Түні бойы кірпік ілмей, түнді ұйқысыз өткіздіңіз. Айнада сіз емес, көздері іскен, терісі күңгірт, құлайын деп тұрған ұсқынсыз біреу тұр. Бірақ, еш уайымдамаңыз! Мына кеңестерне жүгінсеңіз, өмірдің бұрынғы ритміне оңайлықпен қосылып, ұйқысыз өткен түннен еш із қалмайды...


Бетіңізді суық сумен жуыңыз

Беттің ісігенін суық су әбден кетіре алады. Ол қан айналымын жақсартып, теріңіздің түсін дұрыстайды. Сондай-ақ табиғи қоспалардан жасалған, мысалы түймедағы қайнатпасы негізіндегі жуынуға арналған гель қолдансаңыз, тіпті жақсы.

 

Жұпар, хош иістер

Мидың жұмысын жұпар иісті жалбыз жақсартады екен. Сондай-ақ, жылы сумен душ қабылдап, хош иісті цитрус гелін қолдансаңыз да болады. Денеге арналған жұпар иісті кремді қолданып, теріңізге массаж жасасаңыз, екі еселенген нәтижеге қол жеткізесіз.

 

Көздің ісігенін кетіреміз

Көздің ісігенін кетіру үшін ескі жақсы кеңес бар. 10 минутқа көзіңізге қияр дөңгелектерін басып қойыңыз. Сондай-ақ шай қалташаларын суық суда дымқылдап, көзіңізге қойсаңыз болады. Бұндай дауалардан кейін, көз терісіне арналған кремді қолдану керек.

 

Бет терісіне дем береміз

Жарты апельсиннің шырынын сығып, осы шырында кішкентай майлықты дымқылдап, бетіңізге 5 минутқа қойыңыз. С дәрумені теріңізге дем беріп, оны қайта жайнатады.

 

Ылғалдандырғыш крем 

Шаршау адамның бетіне шығып тұрады. Тері құрғап, түлеп, күңгірттенеді. Құрамында су азаяды. Сондықтан күнделікті креміңізді жағып, үстінен реңк беруші креммен бәрін жасырамын деп ойламаңыз. Керісінше бұндай жағдайларда, реңк беруші крем тегіс жатпай, өніңізді одан әрі қашыра түседі. Сондықтан бұндай жағдайларда құрамында протеиндер мен дәрумендері көп, ерекше ылғалдандыратын  кремдерді қолданғаныңыз жөн.

 

Суреттер: zhitiemoe.com, rln.fm, fashion-lady.ru, modna.com.ua, fairskin.ru, eva.ru.

С. А