Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Ағаштан энергия сұрайық...

Ағаштан энергия сұрайық...

Ағаштан энергия сұрайық...

Атадан мал қалғанша, тал қалсын

Қазақ нақылы

Адам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланыста тірлік кешеді. Адам ағаштан өзіне орасан зор энергия ала алады екен. Тек әркім өзінің ағашын таныса болғаны.

Қазақ халқы ағашты айрықша құрмет тұтады. Арысы ғашықтардың ағашқа шүберек байлауынан басталып, берісі "Бәйтерек" ағашын тәуелсіздігіміздің символы етіп алуына дейін осы сөзімізді айқын дәлелдейді. "Бір тал ексең, он тал ек" деген қазақ үшін ағаш егу де ерекше мәні бар іс болған. 

Ағаш қалың өскен жерге табиғи матадан тігілген киім киіп (синтетикалық материалдар энергия өткізбейді деседі) барып, ағаштар ішінен қайың мен қарағайды тауып алыңыз. Немесе өзіңізге ұнаған ағашты таңдаңыз. Жүрегіңізге құлақ түріңіз: Шынымен дәл осы ағашты қалап тұрсыз ба? Діңгегін құшақтап, көзіңізді жұмып тұрып, одан өзіңізге энергия беруін сұраңыз. Алақаныңыз арқылы энергияның бойыңызға таралып жатқанын сезінуге тырысыңыз.

Ойша ағашқа тіл қатыңыз. Ол сізге көмектескісі келіп тұр ма, жоқ па?

Ағаштан энергия алу кем дегенде 2-3 минутқа, көп дегенде 1 сағатқа созылуы мүмкін. 

Дендротерапияда (медицинада ағаш арқылы емделу осылай аталады) ағашпен қалай қарым-қатынасқа түсетініңіз аса маңызды. Күйзеліске түсіп жүрсеңіз, жағымсыз әсерлерден ағаштың көмегімен арылуға болады.

Кетіп бара жатып, ағашқа көмегі үшін рақмет айтуды ұмытпағаныңыз абзал. Ойша ағашпен қоштасыңыз. 


Мүмкіндігіңізше орманда жиі серуендеуге тырысқаныңыз жөн. Орман ішімен ұзақ уақыт серуендеу ағзаға кез келген дәріден де күшті әсер ететіні дәлелденген. Орман болмаса, қалың өскен талдардың арасымен жүріңіз. Саябақтарда ағаштар бітісіп өскен жерлер көп. 

"Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ". Табиғат - тілсіз. Дұрысы, адамда табиғаттың тілін түсінер қасиет жоқ. Ағаштан энергия алып жатып, "Мен одан жылу алып жатырмын, табиғат маған жылу беруде" деп ойлағаныңыз жөн...

Жұлдыз санап, жорамал айтқан астролог ғалымдар әр жұлдыздың өзіне тән ағашы бар деп пайымдайды.

Балықтар үшін - қайың, көктерек,

Тауешкілер үшін - шырша,

Суқұйғыштар  - қарағай,

Мергендерге - қайың,

Сарышаяндарға - қарағай,

Таразылар үшін - қайың,

Бикештерге - алма,

Арыстандарға - емен,

Егіздерге - алмұрт,

Шаяндарға - үйеңкі,

Тоқтылар мен торпақтарға акация ағашы энергия бере алады екен. Ал шетен барлық жұлдыздардың энергия көзі бола алады-мыс.

Сурет: magicwish.ru, mota.ru

14982 18
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 14 мамыр 2012, 16:12
Пікірлер
+0
14 мамыр 2012, 16:44

Қайыңға кеттім :D

+0
14 мамыр 2012, 18:08

"Бір тал ексең, он тал ек" емес, "Бір тал кессең, он тал ек" болады. Осыны оқып отырып ойлап едім, "Менің ағашым қайсысы екен, Қайың шығар"-деп. Тура тауыппын:)) Ақ қайың ағашы қатты ұнайды маған. :D

+0
14 мамыр 2012, 18:11

"Бір тал ексең, он тал ек" деген де бар :D

+0
14 мамыр 2012, 18:28

Одан гөрі, "бірден он бір тал ек" деген дұрыс қой :mrgreen:

+0
14 мамыр 2012, 19:25

бір тал егіп көр, нәтижесі жақсы болса, он тал ек деген мағына болар :mrgreen: :mrgreen:

+0
14 мамыр 2012, 19:32

Сонда, "нәтижесі жаман болса, мүлде екпе" деген сөз бе? Ой, Мейіргүл-ай, түсініп тұрмын, қатеңді мойындау қиын. Ал бірақ, "ондай мақал жоқ"-деп сенімді түрде айта аламын! ;)

+0
15 мамыр 2012, 09:57

:( :( неге жоқ ондай мақал? :roll:

+0
14 мамыр 2012, 18:35

Дениз деген сериалда Дениздің құрбысы Мехвеш осылай жасап жүретін еді ғой әр талдан энергия сұрап. Соған күлуші едім, енді маған да қайыңға баратын күн туды деш! :lol: :lol:

+0
14 мамыр 2012, 18:41

Біздегі домбыралардың бәрі қайыңннан, маған жақсы болды :lol: :lol: :lol: Бүгін жұлдыздар күні боп кеткенге ұқсайды

+0
14 мамыр 2012, 18:42

Жапырақ-жүрек, жас қайың! Жанымды айырбастайын))))))) Шаяндарға - үйеңкі -
Клён, клён, клён
Ты протяни мне свою руку
И отодвинь на миг разлуку
Клён...))))))

+0
14 мамыр 2012, 19:10

Ақтөбеде қарағай жоқ еді, Алматыға неге келгенімді енді түсіндім

+0
14 мамыр 2012, 19:31

қарағай екен "Спутнигім"")

+0
15 мамыр 2012, 11:22

Қызыыыыыыық... ;)

+0
15 мамыр 2012, 12:21

Мен алмұрт ағашын қайдан тапсам екен!?:roll:

+0
15 мамыр 2012, 12:23

9-мамыр күні Еуразия арнасынан "Снайпер-2. Тунгус" фильмін көріп едім. Сонда бір политрук жігіт сүйген қызы өзін кешіргенін сұрап ағашпен сөйлесіп тұрғанда, ормандағы немістердің танктерін, ағаш басында отырған мергенді байқап қалады. :)

+0
15 мамыр 2012, 13:28

Еменді іздеу керек екен... :D

+0
15 мамыр 2012, 16:11

Жақынды ғана ҚазҰУ жақтағы ботаникалық баққа барғанмын ғой, расында энергия алып қайттым. рас айтам! дәл сол кезде біраз адамдарға режіп, ашуланып жүргем. Қайтқанымда бәрін ұмытып, жеңілдеп қалдым ше :)

+0
22 мамыр 2012, 01:10

м мен сеенімін )

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...