Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Табиғи шырынмен емделу

Табиғи шырынмен емделу

Табиғи шырынмен емделу

Табиғи шырын ішіп, ағзамызды жақсартып алуға әбден болады. Әлбетте, өзің жемістен сығып алған шырын әлдеқайда пайдалы. Егер ондай мүмкіндігің болса, тіпті керемет. Егер жоқ болса, дүкенде сатылып тұрған табиғи шырындарды пайдаланудың еш сөлекеттігі жоқ. Олардың пайдасыздығы жайлы қауесет шындығында өтірік. Пайдалы қасиеттері жағынан табиғи шырындардан еш қалыспайды. Сонымен қатар, тұрып қалған жемістерге қарағанда, құтыдағы шырындарда дәуремендер әлдеқайда көп. Заң бойынша, «табиғи шырын» деген жазу тек шынайы, қантсыз, лимон қышқылы қосылмаған табиғи шырын құтыларына жазылады, басқа кезде бұлар нектар болып келеді. Алайда соңғылары да пайдасыз емес. Өйткені кейбір көкөністер мен жемістерден таза шырын бәрібір көп шықпайды. 

ӨРІК ШЫРЫНЫ

Калий, фиол қышқылы, каротин, В5 дәрумендерінің, фосфор және магнийдің қайнар көзі.

Пайдалы қасиеттері: қан құрамын жақсартады, жасушалардың құрылысын қалыпқа келтіреді, ми жұмысын жандандырады, қартаюдың алдын алып, артық суды шығарады.

Ерекше нұсқаулықтар: етеккір келгенде, әлсіреу, көз жанарының, беттің құрғауы, шаштың түсуі, ойдан қажу, ісіну.

Тосқауыл: қант диабеті.

Күнделікті: тамақтан бөлек кезде ішу.

АНАНАС ШЫРЫНЫ

Өсімдік тағамдарында кездесетін барлық дәрумендерге ие. Құрамында 16 микроэлементтері мен бромелен сияқты ферменттер кездеседі.

Пайдалы қасиеттері: артық майды кетіріп, ағзаны жасартады, қан тамырларын холестериндерден тазартады, ақуыздың жақсы сіңуіне көмектеседі, тромб пайда болудың алдын алады.

Ерекше нұсқаулықтар: ангина (тамақты шаюға болады), тромбофлебит, гормоналды контрацептиктерді пайдаланғанда, семіздік, ұмытшақтықта ішу керек.

Тосқауыл: гастрит, асқазан жарасы.

Күнделікті: тамақтану кезінде ішу.

АПЕЛЬСИН ШЫРЫНЫ


С дәруменіне бай (бір стақанда – бір күндік мөлшер), биотин, фоли қышқылы және тағы басқа көптеген дәрумендер.

Пайдалы қасиеттері: бос радикалдардан қорғайды, қан тамырларын қатайтады, иммунитетті жақсартып, ми жұмысын жандандырады, жасушалардың алмасуын ынталандырады, майды кетіреді.

Ерекше нұсқаулықтар: суық тию кезінде, семіздік, шаршау, стресс, назардың бәсеңдеуі.

Тосқауыл: асқазан мен ас ішек жарасы, қышқылдығы төмен гастрит.

Күнделікті: аш қарынға ішуге болмайды.

ЖҮЗІМ ШЫРЫНЫ

Құрамында калий, кальций, магний, марганец, С, Р, РР, B1, B6, В12 және тағы басқа дәрумендер бар.

Пайдалы қасиеттері: тромбтардың түзілуінің алдын алады (аспириннен жақсы), несеп жолдарын тазартады, көмірсулардың алмасауын жақсартады.

Ерекше нұсқаулықтар: етеккір алдындағы іш ауруы, гормоналды контрацептивтерді пайдалану кезінде, стресс, ойдан қажу.

Тосқауыл: қант диабеті, созылмалы бронхит.

Күнделікті: тамақ ішпеген кездері немесе ас ішердің алдында.

ШИЕ ШЫРЫНЫ

С және каротин дәрумендеріне бай. Және де фоли қышқылы, темір, кальций, калий, өсімдік пигменттері – антоциан мен антоцианидтер кездеседі.

Пайдалы қасиеттері: қан құрамын жақсартады, қан тамырларын қатайтады, суық тиюді емдейді, ағзаны күшейтеді.

Ерекше нұсқаулықтар: анемия, артық салмақ.

Тосқауыл: асқазан жарасы мен асқазан қыжылында көп ішпеген жөн.

Күнделікті: ас кезінде.

АЛМҰРТ ШЫРЫНЫ

Басқаларынан құрамында пектин болуымен ерекшеленеді.

Пайдалы қасиеттері: микробтарды құртады, артық суды, артық шлактар мен токсиндерді шығарады. 

Ерекше нұсқаулықтар: бүйрек аурулары мен іш қату.

Тосқауыл: екіқабат кезінде, ішектің әлсіздігі.

Күнделікті: асқа 10-15 минут қалғанда ішу.

ҚАРАҚАТ ШЫРЫНЫ 

С дәруменіне (1/2 стақанда – тәуліктік мөлшер), каротин, рутин, ниацинге бай.

Пайдалы қасиеттері: көмірсулардың алмасуын реттейді, тері бездерін жақсартады, суық тиюді емдейді, жүйке жүйесін тыныштандырады. Тұмау вирустарын кетіріп, иммунитетті жақсартады.

Ерекше нұсқаулықтар: қант диабеті, артық салмақ, тұмаудың алдын алып, емдейді, жүйке жүйесінің құртылуынан ағзаның әлсіреуі.

Тосқауыл: жоқ.

Күнделікті: кез келген уақытта ішуге болады. 

Жалғасы

Суреттер: diets.ru, liveinternet.ru, lady.tsn.ua, kumushka.com, nazdor.ru, bezedy.com, kuharka.com

3964 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 08 мамыр 2012, 10:00
Пікірлер
+0
08 мамыр 2012, 10:00

апельсин шырынын көп іше алмайды екем, жүзім шырынына құмартам

+0
08 мамыр 2012, 10:13

Бұрын тек апельсин шырынын ішуші едім, соңғы кезде шиеден басұаны іше алмайтын болыппын!

+0
08 мамыр 2012, 10:27

не ғой апельсин онша емес, көк алма!

+0
08 мамыр 2012, 10:47

Қара шайды қойып, шырынға көшу керек еді.

+0
08 мамыр 2012, 10:52

мыналарды көріп ауырғым кеп кетті)

+0
08 мамыр 2012, 11:14

АНАНАС ШЫРЫНЫ катты унайды әсіресе жігіттерге пайдасы мол :D

+0
08 мамыр 2012, 11:15

Ой, студент кезімізде сельхозға барғанда қарақатқа армансыз тоятынбыз)))

+0
08 мамыр 2012, 11:15

Маған алмұрт және жүзім шырындары ұнайды.

+0
08 мамыр 2012, 12:13

Түүүһ, есік алдындағы дүкенге барғым келіп кетті, шырынның суреттерін көріп... :)

+0
08 мамыр 2012, 16:26

:D :D :D :D Ананас шыры мен апелсин шырыны КЕРЕМЕТ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!"

+0
08 мамыр 2012, 16:35

Жақсы кеңестер екен

+0
08 мамыр 2012, 16:45

маган онша унаган жок

+0
08 мамыр 2012, 16:44

мхм Жаман емес кеңестер) :D :D

+0
08 мамыр 2012, 16:45

салмак азайтады деген ге онша сене коймадым

+0
08 мамыр 2012, 16:49

Жасап, ішіп қарау керек сосын пайдалы ма пайдасыз ба білеміз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...