Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Көзіңіздің көруі нашарласа...

Көзіңіздің көруі нашарласа...

Көзіңіздің көруі нашарласа...

Көз құлаққа қарағанда жақсы куәгер.

Гераклит Эфесский

Көзіміздің көруі нашарласа да, окулиске баруға уақыт таппай, мұрнымыздан шаншылып жүреміз. Окулиске қоятын сұрақтарымыз да жиналып қалды. Олай болса, Mассагет.кз көзге қатысты кейбір сұрақтарыңызға жауап беріп көрсін.

1. Көзімнің көруі нашарлағанын қалай байқауға болады?

Алыс-жақыннан көзіңіздің көруін тексеріп отырыңыз. Салғырт қарамаңыз! Күніне бір рет көзіңізді тексеріп отырғаныңыз жөн. Егер көзіңіз сәл бұлдырласа, демек көруі нашарлай бастағаны. Тез арада ем-дом қолдану керек...

2. Көз көрмеуі ген арқылы беріле ме?

Ия, көптеген зерттеулердің нәтижесі көз көрмеу ген арқылы ата-анадан балаға беріледі дейді. Departament of Ophthalmology ата-анасының екеуі де миопиямен ауыратын 7 жасқа дейінгі балалар арасында зерттеу жүргізіп, 45 %-ының көздері нашар көретінін анықтаған.

3. Көздің көруін жаттығу арқылы жақсартуға бола ма?

Кез келген көзге арналған жаттығу көз бұлшық еттерін шынықтырып, көз ауруларының алдын алу үшін жасалады. Сондықтан, көзіңіздің көруі нашарласа, жаттығуларға сеніп жүре бермей, бірден окулиске жүгінгеніңіз жөн.

4. Неге компьютер мен теледидар көзге зиян дейді?

Көзге электрмагниттік толқындар, тым жақыннан көрсетілген суреттер, жап-жарық сәуле жүк түсіреді. Көк-күлгін түстердің көптігі де көзге кәдімгідей күш түсіреді екен. Дегенмен, қауіпсіздік шаралары барынша қамтамасыз етілетін заманауи теледидарлар көзге соншалықты қауіпті деу қиын. Бәрі теледидар не компьютердің алдында қанша уақыт өткізетініңізге байланысты. Компьютерге тым жақын отырып, кірпікті сирек қағу көзге зиянын тигізеді. Егер экран алдында 5-6 сағаттан көп отыратын болсаңыз, экран мен сіздің арақашықтығыңыз 3 метр болсын. 

5. Компьютермен жұмыс істегенде көзілдірік пен линзаның қайсысын киген дұрыс?

Компьютердің алдында адам кірпігін сирек қағатындықтан, арнайы көзілдірік кигені жөн. Линзаны компьютер алдында кимеуге кеңес береміз. 

6. Компьютер көзге зиян келтірмес үшін не істеу керек?

Мамандар былай дейді:

  • Отырған бөлмеңіздегі шам көзге шағылысатындай жап-жарық болмағаны дұрыс. Экраныңыз анық болуы керек.
  • Монитор терезеге жақын жерде тұрса, терезеде жалюзи болғанын қадағалаңыз. Жарықтың экранға оң жақтан түскені дұрыс. 
  • Монитордың жоғарғы жағы көзіңізден төмен орналасуы керек.
  • Экран мен көзіңіздің арасы 50-70 см болғаны жөн. Қолыңызды созған кезде, қолыңыз мониторға сәл-пәл жетпей тұруы керек.

7. Көзді жақсарту үшін қандай тамақтар жеген дұрыс?

Балық, лимон, киви, сәбіз, орамжапырақ, қызанақ, қаражидек (черника), саумалдық (шпинат). Осы тағамдарды міндетті түрде жеңіз.

сурет: eyeshelp.ru, max2012.mepics.ru

21670 0
Рейтинг: +4

Қосылған күні: 03 мамыр 2012, 13:50
Пікірлер
+0
03 мамыр 2012, 14:39

Көзілдірік киемін көбіне. Осы соңғы екі күнде көзілдірік кимей жүрмін. Жаттығу жасап ) Жаттығудың пайдасы көп дейді ғой. Ал окулиске барғым келмейді. Тағы да шұбыртып дәрі жазып беріп жүрсе. Оны тыңғылықты ішіп жүретін тиянақты қыз қайда ))) Дәріге жақындағым келмейді оның үстіне )

+0
03 мамыр 2012, 17:31

Негізі окулистке барған дұрыс, Мика. Дәрі емес көбіне витаминдер жазып береді. Бірақ оны да ішіп жарытқан мен жоқ :mrgreen:

+0
03 мамыр 2012, 16:54

мен де көзілдірік киемін көбіне :( жақсы ақпарат, рахмет)))

+0
03 мамыр 2012, 17:30

Мен де көзілдірік киетінмін. Соңғы уақытта линза тағатын болдым. Өте ыңғайлы.

+0
03 мамыр 2012, 19:38

Компьютермен жұмыс істейтіндер көзді дымқылдатататын тамшылар тамызғаны жөн. Искусственная слеза деп аталады ғой деймін.

+0
03 мамыр 2012, 23:45

Менің көзілдірігімді кім алды???????

+0
04 мамыр 2012, 09:17

Сәния, ол сені іздеп жүрген.)))))

+0
04 мамыр 2012, 09:35

Жақсы ақпарат. Енді көз жаттығулары жайлы жазсаңыздар, айталық, атақты Уильям Бейтс әдісі бойынша, :roll:

+0
04 мамыр 2012, 19:51

Сонымен қатар, Сүт тағамдарын, әсіресе творог жеу керек

+0
08 мамыр 2012, 12:19

Мен үнемі линза киемін,соңғы кезде тез құрғап кететін болып жүр, бәлкім компта көп отырғанның әсері шығар

+0
15 мамыр 2012, 11:14

Ылғалдандыратын тамшылар бар ғой оптикаларда. Немесе линзаңыз ескіре бастағанның белгісі болуы да мүмкін ))

-1
17 қараша 2014, 20:09

Менің сол көзіме жақын +1,0 -4,0 диагнозы қойылып, үнемі көзілдірік киюді айтты. Алайда жұмысқа асығып немесе басқа жағдайларда көзілдірікті киюді ұмытып кетем. Бұл жағдайлар, яғни біресе киіп, біресе кимеу жағдайлары менің көзіме зиянын тигізіма?

+0
06 қараша 2016, 17:38

Жуаның, бөдене жұмыртқасының көзге пайдасы бар ма?!...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...