Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Шалғамның мол пайдасы

Шалғамның мол пайдасы

Шалғамның мол пайдасы

Көктем келді дегенше, шалғамға тоятын кез келді дегейсің. Базар сөрелері алқызыл, жаңа піскен шалғамдарға толып, «менен тезірек салат жаса» деп тұрғандай.

Шалғам негізінде шомырдың бір түрі болып табылады. Жер бетінде шалғамның үш мыңға жуық түрі бар екен. Және көбі улы болып келеді. Бірақ жеуге болатын түрлері де аз емес. Соның бірі біз тұтынып жүрген алқызыл шалғамдар.  

Пайдалы қасиеттері

Шалғам – көктемгі авитаминозды жеңетін бірден-бір көмекші. С дәруменіне бай көкөністің тұрпаты қызыл болған сайын, аскорбин қышқылы мол дегенді білдіреді. Сонымен қатар, шалғамда В тобының дәрумендері, бет-жүзімізге қан жүгіртетін темір, жүректің жұмысын жақсартатын калий, магний де бар. Құрамындағы клетчатканың көмегімен зиянды холестериндердің көлемін азайтып, ағзаны токсиндерден тазартады.

Сонымен қатар, шалғам ерекше зат – фитонцидтерге ие. Бұны табиғи антибиотик десе болады. Сол себепті осы бір ащы көкөністі жақсы көретіндер суық тиюдің алдын алады.

100 грамм шалғамда бар-жоғы 14 ккал болады. Сол себепті шалғамнан еш толмайсыз. Керісінше шалғам май жиналудың алдын алып, зат алмасу процесін жақсартады. Ағзадағы қант мөлшерін қалыпқа келтіреді. Шалғам– диетологтардың ең жақсы көретін көкөнісі.

Айтпақшы, шалғамның жапырағы да дәруменге бай. Сол себепті оларды лақтыруға асықпаңыз. Жапырағын салатқа қосып, не болмаса қырыққабат сияқты буға пісіріп алсаңыз да болады.

Шалғаммен емделіңіз

Жаңа піскен шалғамнан жасалған кашадан компресс жасап, радикулитті емдеуге болады.

Басыңыз ауырғанда, жаңа сығылған шалғам шырынымен маңдай, самай, кеңсірігіңізді уқалаңыз.

Іш қатқан кезде, шалғам жапырағынан жасалған тұнбаны ішсеңіз болады: 1 үлкен қасық жапыраққа 1 стақан ыстық су құйып, 1 сағатқа бетін жауып қойыңыз. Тамақ ішіп болғаннан кейін 20 минуттан соң күніне үш рет ішесіз. Ем 2-3 күнге ғана жалғасады. Іш қату қоймаса, дәрігерге барған жөн.

Шалғамнан бет терісіне пайдалы маска жасауға болады. 2-3 шалғанды ұсақтап турап, 5-6 тамшы өсімдік майымен араластырып, 1 шай қасық крахмал қосады. Қоспаны бетіңізге жағып, 10 минут ұстаңыз.

Шалғам сатып аларда...

Шалғамды дұрыс таңдай біліңіз. Көкөністің түсі алқызыл, терісі тегіс болуы қажет. Егер қара дақтар пайда болған болса, көкөніс бұзылайын дегені. Ал егер жұмсақ болса, бұл сортты шалғандар талшықты, дәмсіз болғаны.

Сатып алынған шалғамды тоңазытқышта сақтаңыз. Жапырағымен – 2-3 күн, жапырақсыз – 1 аптаға жуық.

Есте сақтаған жөн! Асқазан, ішек ауруларымен ауыратын адамдардың шалғамды көп пайдаланудан бас тартқандары жөн. Бұл аурудың асқынуына әкелуі мүмкін. Аптасына бір рет жесеңіз де жеткілікті.

Суреттер: sheknows.com, feelgood.com.ua

6347 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 02 мамыр 2012, 08:33
Пікірлер
+0
02 мамыр 2012, 09:34

шалғанды кеше бірінші рет жеп көрдім ) әлі бауыр баса алмай жатырмын :)

+0
02 мамыр 2012, 09:52

Шалғаннан жасалатын мына салат тамаша: 200 гр шалғанды жуып, тазалап, майдалап турап тұзды салқын суға 10-15 минутқа салып қою керек. Қиярды 200-500 гр (қалауыңызға қарай) ұзынша қып турап, судан сүзіп алынған шалғанмен араластырып қаймақ, қара бұрыш (ұнтақ), тұз және аскөк салып араластыру керек. (Қаймақтың майлылығы төмен болған жақсы).

+0
03 мамыр 2012, 23:30

Дәмі қатты ұнайды! салатты істеп көремін

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...