Оқи отырыңыз

...Сауат ашумен қатар үйренуге міндетті дисциплина – ақпараттық талғам мен гигиена.

Автор: Айдос Сарым

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Жақсы әдеттер

Жақсы әдеттер

Жақсы әдеттер

Ішімдік пен темекінің жаман әдет екенін бәрі біледі. Ал жақсы әдеттер ше? Қандай әдеттер ағзамыз бен көңілімізге жағымды әсер бере алады? Мына кеңестерді оқып, оларды әдетке айналдырсаңыздар, жаныңыз бен тәніңіз сізге рақметін айтары сөзсіз...

  • Күнде бір уақытта оянып, бір уақытта ұйқыға жатыңыз.
  • Таңғы ас, түскі ас пен кешкі асты күнде бір уақытта ішіңіз.
  • Кем дегенде 6-7 сағат ұйықтаңыз.
  • Ұйықтамас бұрын, далаға шығып, таза ауамен демалып қайтыңыз.
  • Күніне 1,5 литрден артық су ішіңіз.
  • Күнде көкөніс, жеміс-жидектер жеуге тырысыңыз.
  • Ұйықтар алдында бір стақан айран ішіңіз.
  • Аяғыңызды суық сумен шайып тұрыңыз.
  • Теледидарды күніне бір сағаттан артық қарамаңыз.
  • Бетке арналған маскаларды үйде табиғи заттардан жасап қолданыңыз.
  • Өзіңіздің әр күніңізді суретке түсіріңіз. Сіз күнде өзгересіз. 
  • Таңмен жүгіріңіз.
  • Жаттығулар жасап, денеңізді шынықтырыңыз.
  • Жиі күлімсіреңіз.
  • Күнде шет тілінің бірнеше сөзін үйреніңіз.
  • Өз бөлмеңізді, не үйіңізді күнде жинастырып жүріңіз. Керек емес қоқысты лақтырып, бөлме гүлдерін суарыңыз.
  • Бетіңізді мұздатылған шөп қайнатпаларымен сүртіп отырыңыз.
  • Фаст-фудқа жоқ деңіз!
  • Жұмыс барысында шаршасаңыз, жақсы әуен қосып, 5 минут бойы ештеңе істемей, тек демалыңыз.
  • Күнде жаңа бірдеңе білуге тырысыңыз.
  • Кітап оқыңыз. Күнде 10-15 беттен оқып тастауға тырысыңыз. 
  • Ата-анаңызға күнделікті уақыт бөліңіз. Қоңырау шалып, қалдарын сұрап, әңгіме-дүкен құрыңыз.
  • Адамдарға комплименттер мен жандарына жылы тиетін сөздерді айтыңыз.
  • Қыстырма сөздер мен дөрекі сөздерден арылыңыз. 
  • Күніне бір рет мейірімді іс жасаңыз.
  • Өзіңізді күтіңіз: пилинг, маска, маникюр жасап, денеңізді қуантыңыз.
  • Баттасқан косметикадан бас тартыңыз. Көктем шыққанда, жеңіл-желпі боянып, теріңіздің дем алуына мүмкіндік беріңіз.
  • Сізді шабыттандыратын, жанды тебірентетін өлең шумақтарын жаттаңыз.
  • Түзу жүріңіз.
  • Сәттіліктеріңіздің күнделігін ашыңыз.
  • Ақшаңызды үнемдей бастаңыз.
  • Өзіңізге жаңа қызуғышылықтар ашып, сонымен айналысыңыз.
  • Тек жақсы ой ойлаңыз - бәрі де ойдағыдай болады!

Сурет: w2w.com.ua

5210 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 24 сәуір 2012, 18:35
Пікірлер
+0
24 сәуір 2012, 19:45

есте сақтап әдетке айнадырамын ;)

+0
24 сәуір 2012, 19:50

кітап оқымасам :D

+0
25 сәуір 2012, 10:27

"Күнде бір уақытта оянып, бір уақытта ұйқыға жатыңыз." Әр жексенбі сайын 10да тұрып 10 да ұйықтаймын)

+0
25 сәуір 2012, 10:55

Мына жерде "Тым құрыса аптасына бір рет қажытқан жұмыстан сергіп, құрыс-тырысыңды жазып, "бақилық" болып кеткен нерв талшықтарына дем беретін салқын сырадан ұрттап отырыңыз" деп жазып қоюды ұсынамын.

+0
26 сәуір 2012, 23:32

неге теледидарды 1-ак сағат көр дейді :( :(

+0
27 сәуір 2012, 00:14

Жақсы әдет жақсы ғой. Жазылғандардың бәрі де күнделікті істейтін ісім. Тек суретке түспейді екем. Ұнамайды, неге екені?..

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оралым, менің оралым!
Оралым, менің оралым!

Орал қаласының тарихы бай, өткені өнегелі, келешегі жарқын.

Философия қазақша пәлсапа ма?
Философия қазақша пәлсапа ма?

философияқазақша философияпәлсапа пәлсапа ғылым

Әйел – үйдің отын жағар шамшырағы
Әйел – үйдің отын жағар шамшырағы

Әйел затының жаратылысындағы ерік-жігердің мықтылығы

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Табысқа жетудің сыры неде?
Табысқа жетудің сыры неде?

Әрбіреуіміз өз қалаған салаларымызда табысқа жету үшін не істеуіміз керек?

Автор: Амине Қадыр

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...