Ұйықтар алдында мыналарды ескеріңіз

Ұйықтар алдында мыналарды ескеріңіз

Шала ұйқы денсаулыққа кері әсер етіп қана қоймай, сонымен бірге жұмыс өнімділігіне кері ықпалын тигізеді...

Ұйқы шалалығын сезінген адам әдетте мазаланғыш, ашуы алқымында тұратын және шешімді дұрыс бағытта қабылдай алмайтын жанға айналады. Сонымен қоса, адамның жұмыс өнімділігіне де бір әсерін тигізері анық: ұсақ-түйек нәрселерді ұмытып қалу және стресске қарсы тұра алмаушылық. Жайшылықта шала ұйқымен жүрген адамдар артық салмақ жинап, тұмау түріне шалдығып, жүрегі ауырып, диабетке ұшырап жатады. 

Ұйқы зерттеу орталығы 5 қарапайым әдісті ұсынуда:

Ұйықтар алдында әдетке айналсын

Белгілі бір әдеттену ағзаны ұйқыға тез бейімдеуге көмектеседі. Күнде ұйықтар алдында ыстық ванна қабылдаңыз, не болмаса сүйікті кітаптарыңыздың бірін оқыңыз, не болмаса теледидар шолыңыз. 

Жатын бөлмеңізді жатар алдында салқындатып алыңыз: тез ұйықтап кетіп, ерте демалып тұруыңыз үшін. Осы тұста бір назарға алатыны, бөлме ішін қараңғылап қойыңыз. 

Телефонды оятқыш орнына қолданбау

Технологиялық қарыштаудың ілгерінді ықпалын ешкім де жоққа шығара алмайды, дегенмен телефоныңыз жаныңызда жатқанда, сіз оның қасында ерте ұйықтап кетуіңіз неғайбыл. Сеніңіз, сіз де сөйтетін шығарсыз: әлеуметтік желілердегі қыз-жігіттердің суреттерін көруге, әлем қызықтарын қарауға және жаңа хабарламаларды көруге, одан қалса бұрын келген сүйікті хабарламаларды оқып отыруға қолыңыз ұмтылар. 

Есіңізде сақтаңыз, жатын бөлме тек ұйқы мен махаббатқа ғана арналған кеңістік. Сосын, оятқыш жоқтығын сылтауға жатқызуға болмайды (телефонды қолдану үшін). Бізге сенсеңіз, оятқыштың ең арзан түрі де ұйқыдан тұрғызуға жетіп жатыр. 

Терең тыныс алу

Төсеке құлай кеткен болсаңыз немесе сұлай кеткен болсаңыз, ауыр күннің соңында бұл әлі демалыс емес. Зерттеулердің көпшілігі дәлелдегендей, жатар алдында терең тыныс алып жаттығудан денеңіз босап, маужырауға шақ қаласыз. 

Адам терең тыныс алғанда жүрек соғысының жиілігі, қан қысымының көтерілуі, дегбірсіздену секілдік сырқат салдары өздігінен жойылып кетеді. 

Терең тыныс алудың дұрыс түрі:

Кристалды таза ауаны жұта отырып, оның өңірден өтіп, бүкіл денемен ауа жайылып бара жатқанын елестетіп көріңіз. Дем шығарарда бүкіл ауыртпашылық пен теріс ойларды ойлай отырып, бірге шығарып жіберуге тырысыңыз. Ойларыңыз сізге жеңілейіп салуыңызға жол ашады. 

Аяқ саусақтарынан бастап

Бұлшық еттерді баяу босату кезінде күндік ауыртпашылықтар мен стресс, негатив атаулыдан арылуға болады екен. Аяқ саусағынан мойын бұлшық етіне дейінгі аралықта буын босатуыңызды сұранамыз. 

Ұйықтар алдында санамақ

Ұйықтар алдында санамалап әдеттеніңіз. Біз сізге санамалаудың тиімді бір әдісін ұсынамыз: 100 санын жоғарыдан төменге санап, үшке еселенген сандарды ғана келтіріп көріңіз. Бұл тәсіл әдеттегі санамалаудан қиындау, нәтижесінде миыңыз бір нәрсеге бағытталып, басыңызда ойлар мазаламайтын болады. Ақырында, санамалап жатып маужырай бастайсыз, сосын терең ұйқыға кетпексіз.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: plus.google.com 

Л. Лига