Маған неше калория керек?

Маған неше калория керек?

Бәріміз де шет елдің калория сөзін естігенбіз. Калориялар - тамақпен бірге ағзамызға түсетін энергия көлемі, ол ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне үлкен септігін тигізеді.

Арамызда адамға күніне 2000 ккал керек екендігін де білетін жандар бар болар. Әркімнің денсаулығы әр түрлі болғаннан кейін, әркімге керек калорияның мөлшері де әрқалай. Мына есептеулерді қолдана отырып, өзіңізге керек калория шамасын біліп, дұрыс тамақтанып жүресіз.

  • Егер сіздің жасыңыз 18-ден 30-ға дейін болса, өзіңіздің салмағыңызды 14,7-ге көбейтіп, оған 496-ны қосыңыз.
  • Егер сіздің жасыңыз 31 және одан да көбірек болса, салмағыңызды 8,7-ге көбейтіп, 829-ды қосыңыз.

Мәселен, сіздің жасыңыз 23-те, салмағыңыз 57 кг болсын. Онда сіздің тәуліктік негізгі қорыңыз 1333 ккал болмақ. Бұл сізге қажетті минимум.

  • Егер сіздің өмір тәртібіңіз көп күшті қажет етпейтін болса, бұл шаманы 1,4-ке көбейту керек.
  • Егер сіз белсенді өмір сүріп, не жұмысыңыз аса көп қуатты талап етсе, бұл шаманы 1,7-ге көбейтіңіз.
  • Егер сіз спортпен шұғылданатын болсаңыз, бұл шаманы 2 еселеу керек.

Сонымен, шыққан сан - сіздің тәуліктік калориялық қажеттілігіңіз.

Сурет: natural-medicine.ru

С. А