Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Химиялық күйік алған адамға алғашқы көмек

Химиялық күйік алған адамға алғашқы көмек

Химиялық күйік алған адамға алғашқы көмек

Химиялық күйік алу кезінде ұлпалардың зақымдану тереңдігі көп жағдайда химиялық заттың әсер ету ұзақтығына байланысты болады. Химиялық заттардың концентрациясын және оның әсер ету уақытын мүмкіндігінше тез арада азайту керек. Бұл үшін зақымданған жерді дереу краннан, резеңке құбыр арқылы ағатын ағынды немесе шелектегі салқын көп мөлшердегі сумен 15-20 минут көлемінде жуады. 

Егер қышқыл немесе сілті киім арқылы теріге түссе, оны алдымен сумен киімнің сыртынан жуып, содан кейін абайлап оны кесіп, зардап шеккеннен ылғал киімді шешіп, бұдан соң теріні жуады.

Адамның терісіне күкірт қышқылы немесе қатты зат күйінде сілті тисе, оны құрғақ мақтамен немесе матаның бөлігімен алып тастау керек. Содан кейін зақымдалған жерді жақсылап сумен жуады.

Химиялық күйік алу кезінде химиялық заттарды толығымен сумен жууға болмайды. Сондықтан жуғаннан кейін зақымданған жер оған басатын таңғыш ретінде пайдаланатын тиісті залалсыздандыратын ерітіндімен тазаланады.

Химиялық күйік алу кезінде одан әрі көрсетілетін көмек термиялық күйіктегідей. Тері қышқылмен күйген кезде ішетін (бір стақан суға бір шай қасық ұнтақ) ұнтақ қосылған ерітіндіге салынған таңғыш қойылады.

Қышқыл сұйық, бу немесе газ түрінде көзге немесе ауыз қуысына түскен кезде көп мөлшердегі сумен, содан кейін ішетін (бір стақан суға бір шай қасықтың жартысы) ұнтақ ерітіндісімен шаю керек.

Сілтінің әсерінен күйік алу кезінде бор қышқылының (бір стақан суға бір шай қасық қышқыл) ерітіндісі немесе сірке қышқылының (бір стақан суға бір шай қасық ас сірке суы) сұйық ерітіндісі қосылған таңғыш жасалынады.

Сілтінің тамшылары немесе булары көзге және ауыз қуысына түскен кезде зақымданған жерді көп мөлшердегі сумен, бұдан кейін бор қышқылының (бір стақан суға бір жарым шай қасық қышқыл) ерітіндісімен жуылады.

Егер көзге химиялық заттардың қатты бөлшектері түссе, олар алдымен сулы тампонмен алынады. Себебі, сумен жуу кезінде олар шырышты қабығын зақымдауы және қосымша жарақат жасауы мүмкін.

Қышқыл не сілті асқазанға түскен кезде дереу дәрігер шақыру керек. Ол келгенге дейін зардап шеккеннің аузынан түкірік пен шырышты шығару, жатқызып оның үстін жылы етіп жабу және ішіне ауруды басу үшін суық нәрсе қою қажет. Егер зардап шегуші тұншығып жатса, оған ауыздан мұрынға қолмен дем алдыру жасалынады, себебі ауыздың шырышты қабығы күйіп қалған.

Құсу арқылы асқазанды сумен шаюға немесе асқазанға түскен қышқылды немесе сілтіні залалсыздандыруға рұқсат етілмейді. Егер зардап шегушінің  құсқысы келсе, оған үш стақаннан артық су іше беруге болады. Осылайша асқазанға түскен қышқылды немесе сілтіні араластыра отырып, оның күйдіру әсерін азайтады. Сүт, жұмыртқа ақуызын, өсімдік майын, ерітілген крахмалды ішкен жақсы септігін тигізеді.

Тері айтарлықтай күйген, сондай-ақ, қышқыл немесе сілті көзге түскен кезде алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін зардап шегушіні дереу емдік мекемеге жеткізу керек.

Сурет: toptips.ru  

35046 1
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 08 сәуір 2012, 16:50
Пікірлер
+0
08 сәуір 2012, 21:19

Біліп жүру керек!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...