Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Сөмкеңізде не бар?

Сөмкеңізде не бар?

Сөмкеңізде не бар?

Сөмкеңізде не бар?

Әйел сөмкесіндегі заттар оның иесіне қандай қауіп төндіреді? Өз заттарыңыздан өзіңізді қалай қорғау керек?

Әйел сөмкелерін микробиологиялық зерттеген соң, оның ішінде қожайынына аса қауіпті микроағзалар анықталған.

 Саңырауқұлақтар

Сөмкеде қалған тамақ қалдықтары – зеңнің пайда болуына қолайлы орта. Саңырауқұлақтар адамның ауыз қуысына, жұтқыншағына еніп, ауыр дертке душар етуі мүмкін. Саңырауқұлақ – ең көп тараған аллерген. Әйел сөмкесіндегі зат асүйге көшіп, тамақ пен ыдысқа да қона алады.

 Стрептококк

Ескі косметика – нағыз микроб ұясы. Оның құрамында адам терісінің майы, кір, тері бөлшектері қалып қояды. Стрептококк емделуі қиын ауруларға ұласуы мүмкін ауыр ангинаға әкеп соқтырады (гломерулонефрит).

Энтерококк

Қалта телефоны энтероколит ауруы мен жүректің ішкі қабығының қабынуын тудыратын энтерококк көбейетін орта болып есептеледі. Телефонға энтерококк лас қолдан жұғады.

Не істеу керек?

Телефонды залалсыздандыратын түрлі спрейлер бар. Мұны жүйелі түрде күнделікті жасап тұрған жөн. Қолды сулық не спрей түріндегі антисептиктермен жиі сүртіп тұрыңыз.

Косметика салатын ескі сөмкешелерді үнемі жуып, антисептикалық сулықтармен сүрткен дұрыс. Дұрысы, оны жиі жаңартып тұрыңыз.

Ерін далабын қолданар алдында, майлықпен сүртіп алыңыз. Осылайша оның беті шаң-тозаңнан таза болады.

Саңырауқұлақтарды болдырмас үшін, сөмкені теріс айналдырып, ішін жақсылап тазалап, антисептикпен залалсыздандыру керек. Әйел сөмкесін жиі жуу арқылы да оның тігістерінде жиналатын зеңнен құтылуға болады.

Сөмкелерге арналған ілгіш көп жерде бола бермейді. Сондықтан, сөмке ілгішін өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Оны сөмкенің өзіне салып қоюға болады. Ал үйде сөмке кез келген жерде жатпас үшін, арнайы ілгек алып, гардеробқа жинақы етіп іліп қойыңыз.

Сурет: info-rulit.blogspot.com

3986 10
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 02 сәуір 2012, 18:09
Пікірлер
+0
02 сәуір 2012, 14:23

қой, барып сөмкемді жууып, іліп келейін :mrgreen:

+0
02 сәуір 2012, 14:24

Сөмкемді аптасына бір рет реттеп отырамын. Сонда ішінен неше түрлі зат шығады ) Көбіне автобустағы чектер, бірлік салғандағы чектер... Соларды қолданған соң, сол жерде лақтырып тастауға үйрене алмай жүрмін. Жалпы сөмкені ақтарып, тазалағанды, осындай ұсақ-түйектермен айналысқанды жақсы көремін ) :)

+0
02 сәуір 2012, 14:33

Қыздың сөмкесінде дүние-бәленің барлығы да болады :roll:

+0
03 сәуір 2012, 10:46

Дұрыс айтасыз, "қыдардың сөмкесінен адам адасады" деп жатады ғой!

+0
02 сәуір 2012, 14:40

Иә, келісемін )) қыздың сөмкесінен барлық затты табуға болады :lol: күнде реттейсін ғой ішін, сондада шашылып кете береді :D адамнан басқасының бәрі бар ғой деген сөзге үйреніп қалдық қой :D :mrgreen:

+0
02 сәуір 2012, 14:43

Есіме Астанакз КВН командасының ролигі түсті. Тұрсынбек қыздың рөлінде. Нокиасы шырылдаватыр, ол болса сумкасын жарты сағат қопарады ғо

+0
02 сәуір 2012, 14:56

Нәзік жанды арулардың қол сөмкелерінің ішіндегі заттардың мән-мағынасы арқылы оның отбасылық жағдайымен әрі айналысатын кәсібін бағамдауға болатын шығар. Сол арқылы қыз балаға шағын мінездеме беруге болады. Басқасын қайдам, жасым ширек ғасырлық уақытқа таяп қалса да, сөмкемнің ішінде косметикалық заттардан айна, иіссуды кезіктіруім мүмкін. Басқасының бәрі жазба дәптерілерімен, телефон кітапшасы әрі бір-екі қаламсап, оқымасам да бір кітап әйтеуір табылады. Сосын баяғы салынған бірліктердің чектері. Десек те, мақалада тазалық, денсаулық мәселесіне байланысты көтерілген тақырыптармен келісемін.

+0
02 сәуір 2012, 17:40

ааааа фу сөмкеме жақындамайм

+0
04 сәуір 2012, 18:36

мен бурын улкен сомкемен журетинмин, ишине джинсы салуга болатын, ап-ауыр, мусоры да бар, казир кишкентай сомке алдым, ишине сотовый телефон, акши сияды :D

+0
08 сәуір 2012, 16:48

ия өзі бір кішкентай болып алып, бар керегімізге жарап жүр, тазалап тұрмасаң ренжиді ау :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...