Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Жазды қалай өткізген дұрыс?

Жазды қалай өткізген дұрыс?

Жазды қалай өткізген дұрыс?

Әрине бәріміз де жаздың келугені үшін ризамыз. Алайда күн сайын термометр көрсеткіші жоғарылап, дала ысып барады. Бұндай кезде тәніміз де, жанымыз да ыстық қалаға сыймай қалады. Назарларыңызда жазда уақытты дұрыс, пайдалы өткізіп, қапырық пен ыстықтан сақтану кеңестері.        

Су ішіңіз                                           

Далада жүріп, ыстық ауа-райы әсерінен қатты терлейміз. Терлеу – дененің табиғи салқындану әдісі. Ысыған су тері бездері арқылы теріміздің бетіне шығады. Бірақ бұлай ағзамыз бар сұйықтығынан арылады. Оның орнын толтыру үшін су ішу керек. Далаға шыққанда өзіңізбен әркез бөтелкеге құйылған су ұстап жүріңіз. Әрине түрлі сусындар мен суытылған шайлар да шөлді жақсы қандырады. Алайда олардың құрамындағы газ, қант таза мөлдір судай пайдалы болмайды. Сондай-ақ бұлардың өте суық түрлерін мүлдем ішпеңіз, керісінше жағдайда жаздың ортасында жөтеліп жатып қаласыз. Жақсы шөл басатын құрал ретінде өзіңіз үйде компот әзірлеп көріңіз. Кептірілген алма, басқа да жеміс қақтарынан оңай жасаланатын компот шөлді жақсы қандырады, тәтті әрі пайдалы. 

Тамақтану ерекшеліктері                                    

Жазда өзіңіздің рационыңызға көбірек көңіл бөліңіз: ауыр тағам жемеуге тырысыңыз, салат, көкөністер мен жемістерді көбейтіңіз. Жеміс пен көкөністердің көбісі жазда пісіп, дүкен мен базарларда пайда болады. Маусымды жіберіп алмай, барлық пайдалы тағамдарды жеп үлгеріп, денсаулығыңызды дәрумендермен қуантыңыз.       

Өмір тәртібі                                                             

Жалпы жазда физикалық тым белсенді болудан сақтаныңыз. Тым көп терлеу, шаршау, күннің астында көп жүріп  қалудан абай болыңыз. Бұның бәрі ағзаңызды шаршатып, денсаулығыңызды құртады.            

Демалыс                             


Әлбетте әр адамға жазғы демалыс қажет! Жазда демалысқа тауға, таза ауаға серуенге, ұзақ демалысқа теңізге, көлге, тым болмаса бассейнге барып келіңіз. Адам жазда сергіп, көлде шомылып, жағажайда жатып демалуы керек.    

Алыс сапарға емдік қасиеттері бар көлге, не теңізге барып келу – нағыз пайдалы демалыс болмақ. Теңіз суындағы микроэлементтер тері, жалпы денсаулық үшін өте пайдалы.     

Жеңіл киім                              

Жазда қалың не қара киінген болсаңыз, оның қандай азап екенін білетін боларсыз. Расымен қара, күңгірт түсті, қалың маталы киімдер ыстықты тартып, ыстсық соққыға әкелуі мүмкін. Сондықтан маусымға сай жеңіл, теріге жабыспайтын, дем алатын маталардан тігілген, дұрыс пішілген киім киіңіз. Күннің астында көп жүрсеңіз, күнсіп қалмау үшін, бас киім киіп, көзілдірік тағыңыз. Ал аяқ киімдердің арасынан әдемісінен қарағанда, ыңғайлысын таңдаңыз. Жазда басқа мезгілдерге қарағанда көбірек жүреміз. Сондықтан ыңғайлы аяқ киім өте қажет.            

Ыстықтан сақтану                     

Әрине қазірде заманауи технологиялық шешімдер суықпен бірге, азап ыстықтан да сақтанудың сан қилы жолын ұсынады. Алайда желдеткіштер мен кондиционерлер, кеңселердегі желдету жүйелерінің барлығы да адам денсаулығына, терісіне зақым тигізе алады. Сол себепті ыстықтан сақтанудың барынша табиғи түрлерін қолданғанымыз дұрыс.  

Мысалға, үйде жүргенде иығыңызға сулы сүлгі жамылып алыңыз. Не терезеге әлі кеппеген су перде іліп қойыңыз. Қайта-қайта суға түсіп, таза су ішіңіз.        

Жазды барынша пайдалы әрі қызықты қылып өткізейік!       

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: liveinternet.ru

6147 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 26 маусым 2013, 11:12
Пікірлер
+0
28 маусым 2013, 20:06

жаксы екен! :D

+0
05 шілде 2013, 17:27

Теңізге барғым келіп жүр.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...