Оқи отырыңыз

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері

Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері

Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері

Сонау есте жоқ ерте замандарда адамзат баласы дәрі-дәрмек деген дүниені мүлде білмейтін. Олар өздерінің сырқаттарынан айығу үшін халықтық амал-тәсілдердің көмегіне жүгінетін еді. Сондықтан да, шөптерден жасалған дәрілер бүгінге дейін маңызын жоғалтпай келеді. Және де дәрілік өсімдіктер адам денсаулығына ине мен дәрі-дәрмекке қарағанда, әлдеқайда қауіпсіз келеді. Себебі, таблеткалардың құрамында сіздің ағзаңыз қабылдай алмайтын химиялық заттар болуы мүмкін. Бірақ біздің айтқымыз келгені бұл емес еді...

Сіздің үйіңіздің терезесінде алоэ аталатын кереметтей өсімдік өсіп тұр ма? Жоқ? Өте өкінішті. Осы жазбадан кейін алоэны өсіріңіз. Ол сізді өзінің жасыл көйлегімен ғана емес, шипалық қасиеттерімен де қуантатын болады.

Жер бетінде алоэның 300-ден астам түрі бар. Және оның әрбірінің өзіндік қасиеттері бар. Мәселен, бұта қалпындағы түрі ішкі ағзаға жақсы әсер береді, ағаш түріндегі алоэ сыртқы сырқаттарға қарсы тұра алады. Алоэ өте қарапайым, оның өсуіне ылғал мен жарық жеткілікті. Оның көбеюі де қиындық тудырмайды: ұрықпен де, бұталармен де, сабақтармен де, тіпті жапырағымен де өніп кете алады.

Білесіз бе, айдай әлемге танымал Клеопатра ханшайымның өзі алоэдан жасалған кремді жаққан екен. Дәрігер Диоксид: "Алоэ жараларды емдеп, ұйқыны тыныштандырады" деп жазып кеткен.

Алоэ шырыны иммунитетті нығайтып, пайдаланылған өндіріс бұйымдарын бастапқы қалпына келтіріп, бактерияға қарсы күресе алады. Басқа өсімдіктер секілді алоэ да көміртегіні жұтып, оттегі шығара алады. Сондықтан да оны ұйықтайтын немесе адам көп жүретін бөлмеге қойған жөн.

Алоэ екіқабат әйелдер, бүйрек, өт қабы, цистит, геморой ауруларымен қиналатын адамдарға кері әсер етеді. Сондай-ақ, қан қысымында ауытқушылығы бар адамдарға да алоэға жақындауға кеңес берілмейді.

Алоэны қандай жағдайда қолдануға болады?

Тәніңізді тыныштандыратындай ванна қабылдағыңыз келсе, 3 ас қасық шырынды 2 стақан сүтке және жалбыз тұнбасына қосып, жылы ваннаға қосасыз. Мұндай ваннада 15 минут жатуға болады.

Күйік шалғанда, іріңді жаралар пайда болғанда алоэны қойып, дәкемен таңып тастау керек және әр екі сағат сайын ауыстырып тұру керек.

Ол үшін алоэның жапырақтарын жуып, бинтке қойыңыз да, аздап жаншыңыз. Содан кейін барып, ауырған жерге қойыңыз. Аяулы нәзік жандыларымыз алоэдан маска жасай алады. Ол үшін алоэның бір ас қасық шырыны мен қаймақты араластырасыз да, оған жұмыртқаның сарысын қосасыз. Қоспаны таза бетке жағып, 15-20 минут ұстаңыз да, жылы сумен шайып тастаңыз. Нәтижесінде, теріңіз жылтырап, сұлулана түседі.

Иммунитетті көтеру үшін алоэ шырыны мен балдың қоспасын жасайсыз. Шырынды алу үшін 15 сантиметр болатын бірнеше жапырақты үзіп алып, сумен бір рет шайып жіберіңіз. Таза стақанды, дәкені немесе мәрліні аласыз. Қолыңызды тазалап жуыңыз да, сол мәрлінің бетіне әбден кескілеген алоэны қоясыз. Оны қолыңызбен қатты сығып, суын стақанға тамызасыз. Дайын шырынды балмен араластырасыз (1:1). Бұл қоспаны күніне 3 рет бір шәй қасықпен тамақтан жарты сағат бұрын ішіп тұрыңыз. Пайдалану уақыты – 3 апта.

Егер суық тигізіп алсаңыз, алоэның жаңадан жасалған шырынын әрбір 3-4 сағат сайын 2-3 тамшыдан тамызып тұрыңыз. Бұл әдісті 2-3 күннен артық жасауға болмайды.

Егер сізде гастрит, асқазан жарасы болса немесе тәбетіңізді жақсартқыңыз келсе, күніне 2-3 рет алоэ шырынын ішіңіз. Ларингит (тамақ ауырсынуы) кезінде, тамағыңызды, аузыңызды алоэ шырынымен шайыңыз.

Мінеки, терезеңіздің алдындағы алоэның бір бойынан осыншама үлкен дәріхана жасап алуға болады екен. Оны пайдаңызға жаратыңыз да, суаруды ұмытпаңыз.

Суреттер: zhenskoe-mnenie.ru,medosbornik.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Дайындаған:
Кәусар Мұң
Қосылған күні:
14 маусым 2013, 19:22
Тегтер:
дәрі-дәрмек, алоэ, алоэның пайдасы, алоэмен емделу, денсаулық
10869 4
Рейтинг: +0

Пікірлер
+0
14 маусым 2013, 19:56

Сіздің үйіңіздің терезесінде алоэ аталатын кереметтей өсімдік өсіп тұр ма?иә,өсіп тұрр)(

+0
15 маусым 2013, 16:38

Қазір алоэ шырындары көп шығып жатыр ғой. Маған онша жақпайды бірақ

+0
16 маусым 2013, 00:44

біздің үйде өттее дәуу!аллергияға жақсам бола ма:?мені жынды қылған сұмырай аллергияғаа?.. :evil: :evil: :evil:

+0
16 маусым 2013, 11:29

Aloe vera firmada bargoi daiyn onim.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Ең қызықты блогтар

Жадымда жаңғырған - желтоқсан
Жадымда жаңғырған - желтоқсан

Желтоқсанның боздақтарын еске алу кешінен репортаж

Алматы тентіретті тентек ұлды...
Алматы тентіретті тентек ұлды...

Ана, сенің жылы шырай жүзіңді сағындым...

Ақындардың тілін байлап жатқан ешкім жоқ
Ақындардың тілін байлап жатқан ешкім жоқ

Айтыскер ақын, ф.ғ.к., доценті Айбек Қалиевпен сұхбаттасудың сәті түскен еді.

Сіз не істер едіңіз?
Сіз не істер едіңіз?

Бастан өткен оқиға...

Аппақ қар – көңілімнің медеуі
Аппақ қар – көңілімнің медеуі

Өз ойымды өлең жолдары арқылы өрнектеймін

Тәуелсіздік деген не?
Тәуелсіздік деген не?

Бұл дегенің - жақсы өмір сүруге алған құқығың.


Соңғы аудармалар

CHO KYUHYUN - At Gwanghwamun [қазақша субтитрлермен]
CHO KYUHYUN - At Gwanghwamun [қазақша субтитрлермен]

Кюхён жеке орындауындағы«At Gwanghwamun» әніне бейнебаян ұсынды. Super Junior тобының әншісі туындысының ән шерулерде бірінші орындарға ие болып жатқанын көріп, көзіне жас алғанын жасырмады. Бейнебаянға Red Velvet тобының әншісі Ирен түскен. Ол Кюхённың ғашығы болып ойнайды. Сонымен қатар Кюхён осы жылы басты«At Gwanghwamun» әнімен аттас мини альбомын көпшілікке ұсынды. Альбомға «At Gwanghwamun», «Eternal Sunshine», «At Close», «Moment of Farewell», «One Confession», «Flying, Deep in the Night» және «My Thoughts, Your Memories» - барлығы 7 ән кірді. Аударған:...

Block B - Very good [kaz_sub]
Block B - Very good [kaz_sub]

“Be the Light” әніне бейнебаян пре-релизін жасап, 2013 жылдың қазан айында Block Bресми түрде ‘Very Good’ мини-альбомымен қайтып оралды. ‘Very Good’ – жарқын әрі...

Davichi - Don't move [қазақша субтитрлер]
Davichi - Don't move [қазақша субтитрлер]

Davichi  Brave Brothers-пен серіктесіп, жұмыс жасағаннан кейін жаңа Don’t Move бейнебаянын ұсынды. Қыздар осы әнмен көптеген шерулерді бағындырды. Қыздар әдеттегідей...