Оқи отырыңыз

...Сауат ашумен қатар үйренуге міндетті дисциплина – ақпараттық талғам мен гигиена.

Автор: Айдос Сарым

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Жазда не жеу керек?

Жазда не жеу керек?

Жазда не жеу керек?

Жаз мезгілінде көптеген ағза иелерінің тәбеті төмендейді. Тіпті кейде ас қорыту да нашар жұмыс жасайды.

Жаз – дәруменге бай жемістер мен көкөністерге құмарлана тоюдың уақыты. Денсаулығыңыздың сыр бермегенін қалап, қосымша дәруменмен байып алғыңыз келсе, біз ұсынған кеңестерге көңіл бөліңіз.

Жемістерді таңертең жеу керек. Жемістер жазда тез бұзылады. Оны көп сақтаудың қажеті шамалы. Оның үстіне жемістерді ұйықтар алдында немесе тамақтанып болған соң жеуден бас тартыңыз. Ал көкөністер жемістерге қарағанда, көпке шыдайды. Сондықтан оған келгенде, аса уақыт таңдап жатудың маңызы онша бола қоймас.

Жиі-жиі аскөк жеп тұрыңыз. Егер көкөністерден салат жасасаңыз, оған майонез емес, май қосыңыз.

Алыс шетелден әкелінген жемістер және көкөністермен тамақтанарда аздап күмән туғызған жөн. Оларды дүкеннен сатып аларда мұқият болу керек.

Мамыр айында ерте піскен құлпынай мен маусым болмай сатылымға шығып үлгерген қарбыздан бас тартыңыз.

Шамаңыздың келгенінше еттен және саңырауқұлақтан жасалған тағамдармен уақытша болса да қоштаса тұрыңыз. Тым болмаса мұндай тағамды оқта-текте ғана жеп тұрыңыз. Әйтеуір, күндегіден санын азайтсаңыз болғаны. Жаз мезгілінде тағамдар тез бұзылғыш келеді. Сондықтан қанша тоңазытқыштың төрінен орын алса да, ет пен саңырауқұлаққа аса сенім жоқ. Кез келген өнімнің ақталу мерзіміне мән беріңіз.

Өнімдерді қолдану, сақтау және тасымалдау

Жазда тағамдарды мейлінше көп уақытқа қалдырмай жеп отырған дұрыс. Бөлме жағдайында тағамды ауру туындататын бактерияның жаулап алуына тіпті екі сағат та жеткілікті.

Тоңазытқышыңыздың температурасын бірнеше градусқа төмендетіңіз. Осылай да өнімдерді ойдағыдай сақтауға болады. Тоңазытқышты әр апта сайын жуып-тазалап тұрыңыз. Ішінде уақыты өткен және иістенген не бүлінген өнімдер болса, бірден қоқысқа лақтырыңыз. Олардың басқа да таза өнімдерге зиян келтіргенін күтпеңіз. Ет пен жұмыртқаны сатып ала салысымен-ақ түгел жуып алыңыз. Көкөністер мен жемістерде мамандар сабынмен жууға да кеңес беріп отыр. Тек сабыннан кейін оны мұқият таза сумен шайып пайдаланыңыз. Бәріміздің атын естігеннен-ақ аузымыздан суымыз құритын құлпынайдың өзін жер алдында 5-7 минут суда ұстау керек. Тіпті суды қайта төгіп, қайта шайып алудың да ешқандай артықтығы жоқ.

Жаз мезгілінде өнімдер мен тағамдарды тасымалдау үшін аса жауапкершілік керек. Өйткені олар бір жерден екінші жерге жеткенше бүлініп үлгереді. Сондықтан бәріңізге термопакет сатып алуға кеңес береміз.

Айтпақшы, қарапайым болса да айтайық: тамақтанар алдында міндетті түрде қолыңызды сабындап жуып алыңыз. Егер жақын маңда су болмаса, спиртті залалсыздандырушы спрей қолданыңыз.

Жаз мезгілінде ағза көп мөлшерде сұйықтықтан айрылады. Мұндайда суық су сіздің ыстығыңызды басуы мүмкін, бірақ шөліңізді баспайды. Ыстық күнде ыстық көк шай ғана шөл қандырады.

Сонымен қатар мұндайда алмұрт дәмді және қышқыл дәмді сусын ішсеңіз де болады. Онымен қоса, зімбір шайы мен минералды сусын ұсына аламыз.

Ыстық күнде ішпеу керек сусындар:

  • Қара шай
  • Кофе
  • Газдалған сусындар
  • Тәтті шырындар.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: mrfit.org

8123 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 12 маусым 2013, 11:11
Пікірлер
+0
12 маусым 2013, 13:32

жемістерде көбіне кешке жейміз ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оралым, менің оралым!
Оралым, менің оралым!

Орал қаласының тарихы бай, өткені өнегелі, келешегі жарқын.

Философия қазақша пәлсапа ма?
Философия қазақша пәлсапа ма?

философияқазақша философияпәлсапа пәлсапа ғылым

Әйел – үйдің отын жағар шамшырағы
Әйел – үйдің отын жағар шамшырағы

Әйел затының жаратылысындағы ерік-жігердің мықтылығы

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Табысқа жетудің сыры неде?
Табысқа жетудің сыры неде?

Әрбіреуіміз өз қалаған салаларымызда табысқа жету үшін не істеуіміз керек?

Автор: Амине Қадыр

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...