Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Шуаш иісінен арылу жолдары

Шуаш иісінен арылу жолдары

Шуаш иісінен арылу жолдары

Жаз келді. Жазбен бірге cан түрлі жағымсыз иістің де ере келгені жасырын емес. Әсіресе, қоғамдық көліктерде кейбір жағымсыз иістерге шыдап тұру мүмкін емес. "Ұлы сөзде ұяттық жоқ" демекші, бұған дейін қолтықтан шығатын иісті кетіру туралы сөз етіп, жағымсыз иіспен бірінші кезекте күресетін құрылғы – дезодарант таңдау жайлы кеңестер беріп өтсек, бүгін аяқтан шығатын жағымсыз иістен құтылу жолдарын айтамыз. 

Аяқтан шығатын тер – миллиондаған бактериялардың өмір сүру ортасы. Сондықтан бактериялармен күресу керек.

Шуаштың негізгі себептері мыналар:

  • Жабық, тар, мезгілі өтіп кеткен аяқ киім (күздің аяқ киімін көктемде кию, көктемгі аяқ киімді жазда кию) киіп, аяқтың тыныс алуына мүмкіндік бермеу,
  • Синтетикалық шұлықтар,
  • Аяққа күтім жасамау,
  • Күйзеліс, толқу,
  • Тері аурулары.

 

Шуаштан қалай арылуға болады?

  • Ең алдымен аяқ киімді ауыстыру керек. Күн ыстықта табиғи материалдан тігілген ашық аяқ киім киіңіз. Тым құрығанда ауыстырып киетін бір артық аяқ киіміңіз болсын.
  • Ешқашан синтетикалық материалдан тігілген шұлық кимеңіз. Шұлықты күн сайын ауыстырып, жуып киіңіз.
  • Аяқ киімді шешкен соң, оған арша жоңқасын салып қойыңыз. Сондай-ақ цеолиті бар арнайы қаптаманы қолдануға болады.  
  • Аяқ киімнің іші-сыртын кем дегенде, айына бір мәрте жуып тұрыңыз. 
  • Табанды күніне екі рет сабындап жуып жүру керек. Ұйықтар алдында қанжылым сумен міндетті түрде жуып жатқан дұрыс. 
  • Ванна қабылдағанда, табанды пемзамен уқалау қажет. Сода ваннасы аяқтағы иісті кетіруге көмектеседі. Ол үшін 2 ас қасық соданы 0,5 л жылы суға араластырып, ваннадан соң, аяқты қанжылым сумен шаю керек. 
  • Дәріханаларда сатылатын шуашқа қарсы антиперспирант қолданыңыз. Қолыңызда антиперспирант жоқ болса, ас тұзы мен кукуруз крахмалын пайдалануға болады. Аяқты тұзды суға салып жуып, башпайлардың арасына содаға батырылған мақта тығып, ұйықтаңыз. Бұл әдіс аяқтың тершеңдігін төмендетеді. Сондай-ақ шуашқа қарсы кремдер де сатылады. 

Адамның табиғи иісі он екі мүшесі сау болса ғана, жағымды болмақ. Денсаулығында ақауы бар адамның иісі сәйкесінше, жағымсыз болатыны жөнінде айтқанбыз. Жоғарыдағы тәсілдер көмектеспесе, дәрігерге қаралғаныңыз жөн болмақ. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: salon-krasoti.dp.ua, timeforstyle.ru

56116 3
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 08 маусым 2013, 17:27
Пікірлер
+0
10 маусым 2013, 13:24

жігіттерге жақсы кеңес екен

+0
11 маусым 2013, 12:52

қалай кетірсем болат

+0
12 маусым 2013, 01:57

Аяғының "аромат" аңқыған жігітпен бірге отырыпты деп жорамал жасай берсем бола ма... деп Сатыбалдышылап кетпейін. )))) Ауылда отқа жанғанда шығатын жыңғылдың суының пайдасы бар деп естідім.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...