Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Гипертиреоз деген не?

Гипертиреоз деген не?

Гипертиреоз деген не?

Гипертиреоз – қалқанша безінің гармонын әдеттегіге қарағанда көп бөле бастауы. Басқаша айтқанда, гипертиреоз гипотиреозға қарама-қарсы ауру. Қалқанша безі гармондарының төмендеуі ағза жұмысын баяулатса, гипертиреоз кезінде ағза жұмысының қарқыны қатты артады.

 Гипертиреоз ауруына шалдықтыратын әрекеттер:

  • Йодты мөлшерден тыс қолдану;
  • Гипотиреозды емдеу;
  • Гипофиз ауруы.

Қалқанша безінің гармондарды шектен тыс көп бөлуі ағзаның барлық жұмысын қарқынды түрде жүргізетіндіктен, жүректен бастап, барлық ағзаға кері әсерін тигізеді.

Гипертиреоздың үш деңгейі бар:

Бастапқы деңгейлі гипертиреоз – қалқанша безінің ауруынан туындайды;

Екінші деңгейлі – түрлі гипофиза патологиясының кесірінен туады;

Үшінші деңгейлі – гипоталамус ауруынан пайда болады.

Науқас адам осының қай деңгейімен ауырса, соған сәйкес ем қолданылады.

Гипертиреоз белгілері:

  • Жүйке жүйесіндегі өзгерістер: ұйқысыздық, көңіл-күйдің аумалы-төкпелілігі;
  • Тершеңдік;
  • Әлсіздік;
  • Жүректің қатты соғысы;
  • Дірілдеу, әсіресе, саусақтар қатты дірілдейді;
  • Көздің күп болып ісіп кетуі, көзді бір орынға қадай алмау;
  • Арықтау;
  • Іш өту.

Жоғарыдағы белгілер біліне бастаса, міндетті түрде эндокринолог-дәрігерге қаралу керек. Бұл ауру қатты асқынбаған болса, емделуге болады.

Бүгінде гипертиреозды емдеудің үш түрі бар:

  • Консервативті емдеу түрі: препараттар көмегімен емдеу;
  • Радиойодты терапия: радиоактивті йод көмегімен емдеу;
  • Хирургиялық емдеу: наркоз негізінде операция жасау.

Көбіне бұл ауруға әйел адамдар шалдығады. Ал аяғы ауыр және бала емізіп жүрген әйелдерді гипертиреоздан емдеу өте қауіпті.

Жоғарыда аталған ем түрлерін қабылдаған соң, қалқанша безінің гармондары қайта қалпына келеді. Кей кездерде, емдеуден кейін, біраз уақыт дәрігердің нұсқауымен қалқанша безі гармондарын реттейтін дәрі қабылдау керек.

Гипертиреоздан өздігінен емделу мүмкін емес, сондықтан тек қана дәрігердің көмегіне жүгініңіз. 

Деніңіз сау болсын!

сурет: lvc.kz

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Қосылған күні: 26 мамыр 2013, 15:36

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.