Адамды түшкіруіне қарап таны!

Адамды түшкіруіне қарап таны!

Олар мұны бар дауыстарымен құлаш аша жасаса, олар мұны бос қапты басып кеткендегідей әсермен аяқтайды. Анықталғандай, түшкіруіңізге қарай отырып сіздің қандай адам екеніңізді, болмысыңыздың қалай жаратылғанын анықтауға болады.

АҚШ-тағы Алан Хирш (Alan Hirsch) есімді невропатологтың түсіндіруінше, түшкіру күлкіге ұқсас нәрсе. Бір адамдар бар дауыстарымен түшкіріп жатса, ендігі бір адамдар тыныштықтың аурасын сақтап қалуға тырысады. Осы тұста түшкіру стилінің бала жастан бойда сақталып, адамның жалқы қасиеттерін жұмбақтап тұратынын айта кеткіміз келеді.

Түшкіру мәні

Хирштың түсіндірмесімен астарлар болсақ, біздер түшкіру кезінде ерекше сезімге (оргазм) бөленеміз. 

Егер сіз сексуальдық тұрғыда ұстамды болсаңыз, онда түшкіруді баса аласыз. Ал егер өмірді құлай сүйген әрі ләззатқа құмар жандардың қатарынан саналсаңыз, әрине, онда бар даусыңызбен және қай жолғыдай қатты түшкірмексіз.

Біздегі мұрын және бет-сүйек түзілімі белгілі бір жағдайда түшкіру стилін анықтап беретін болып отыр. Бұл дегеніміз, біздегі дауысқа өз анатомиямыз әсер етпек деген сөз.

Мамандар белгілі әрі орнықты 4 бірдей түшкіру стилін мысал қылады:

- Егер сіз бір мәрте ғана түшкіріп және артқа айналар болсаңыз, онда жағымды адамдардың қатарынан екенсіз. Және Сіз өте мейірбансыз, әрқашан көмек сұрағанға қол ұшын беретін және өзгелердің қамын ойлайтын қайырымды жансыз.

- Егер сіз бар даусыңызбен және бірнеше рет түшкірер болсаңыз, онда белді де беделді адамдардың қатарынан саналасыз. Және бір жаманы, көп нәрсеге аса мән бере бермейсіз және жеке басыңызға қатысты майда-шүйде проблемаларға өзгелердің бас қатырғанын мүлдем жаратпайсыз. 

- Егер сіз түшкіру сәтінде ұстамды болғыңыз келіп, алайда, оныңыз сәтсіз шығып, нәтижесінде ащы, қатты әрі жылдам "түш" шығар болсаңыз - Сіз батылсыз, кез келген істе белсендісіз және бармен (дерек) ғана сөйлер сөз иесісіз. Және өзгелер өзіңіз ойлаған сенім үдесінен шыға алмай жатқан жағдайда, көңіліңіз бұзылмақшы.

- Егер сіз әрқашан мұрынды жауып және түшкіру сәтінде беторамал тұтынатын болсаңыз, онда сақ әрі тақуа пейілді, терең ойлайтын жан болғаныңыз. 

сурет:csaplace.beon.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига