Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Қазақ әйелінің сырт киім атаулары

Қазақ әйелінің сырт киім атаулары

Қазақ әйелінің сырт киім атаулары

Сән мен сымбаты жарасып, ақыл нұры жүзінен төгілген қазақ әйелінің сырт киімдерінің өзі бар тоғанақ. Олар қырмызы тоннан басталады.

Қырмызы тон – қыз-келіншектерге арналып қызыл масатыдан тігілген қаптал шапан.

Белдемше – той-думанда көйлек үстінен киетін сәнді киім үлгілерінің бір түрі. Той киімі ретінде жаңа түскен келінге де арнап тігеді.

Кеудеше – кеудеге киетін сырма, жұқа жеңіл киім.

Кәзекей – жеңі жоқ, жағасы кеңірек ойылған, белден төменірек түсетін, бағалы матадан тігілген жеңіл киім.

Қамзол – көйлек сыртына киетін жеңсіз не шолақ жең сәндік әрі жұқа жұмыс киімі.

Кіреуке – алтын тінді жіппен тігілген аса қымбат, сәнді жібек шапан.

Тізеқап – суықта, аязды күндері киетін ауы, ышқыры жоқ екі балақ.

Ішік – қымбат бағалы аң терісінен тігілген ішіктердің қыз-келіншектерге арналған түрі. Олар манат ішік, жанат ішік деп бөліне береді.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: art.eubank.kz

6705 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 14 наурыз 2013, 15:37
Пікірлер
+0
14 наурыз 2013, 14:59

Кәжәкәй :)

+0
14 наурыз 2013, 16:31

кеудеше дегенді қате қолданып жүрсіңдер дейсің ғой ;)

+0
14 наурыз 2013, 17:17

көбін білмейдекем)

+0
15 наурыз 2013, 10:00

Камзолдан басқасын білмеппін да :oops:

+0
15 наурыз 2013, 17:26

Диплом тақырыбым ұлттық киімдерге қатысты болған, сол кезде таныс емес киімдерді көріп, қатты таңғалғам. Негізі біліп жүру керек екен.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...