Сән. Наурыздың басты базарлығы

Сән. Наурыздың басты базарлығы

Алақай! Көктем келді! Қаһарлы қыс әлі де өз орнын бергісі келмесе де, жылы шырайлы күн өзінің шуақтарымен табиғатты қыстан оятуда. Қалын тон мен ішіктер,  қыстық уггиларға әбден тойған боларсыз? Енді көктемдік, жеңіл, жарқын түсті киімдерге оранғыңыз келе ме? Мына киім үлгілері осы көктемде сізде болуы тиіс! Түсіне ерекше көңіл бөлгеніңіз жөн. Жарқын, ашық, қанық түсті болса керемет! 

Тренч -  көктемдік «униформа» десе де болады. Классикалық үлгіде, бірақ түсі ерекше болсын. Бұндай тренчте сіз  әрқашан сәнді әрі көктемде ерекше көрінесіз. Кез келген кофта не блузкамен, көйлек не джинсы шалбарымен, биік өкшеде немесе жалпақ табанда сәнді боласыз. Бұл әмбебап киім: оны іскерлік сәндегі киімдермен де, casual киімдерімен де кисе болады.

Bershka 7000 тг

Әсем орамал - кез келген сәнқұмар қызға таптырмас нәрсе. Оның пішінін өз қалауыңыз бойынша өзгертіп, әртүрлі етіп байласаңыз болады. Жібек орамалы - кербездіктің белгісі болса, жарқын түсті мақта шәлісі сізді тек жылытып қоймай, көңіліңізді көтермек!

Mango дүкені 3500 тг

Жемпір - кез келген жағдайға киіп баруға тұрарлық зат. Ызғарлы аязда жылысын, көктемде жеңілін киіп, оның кез келген гардеробта болуға тиісті екенін байқаған боларсыз. Оны джинсы шалбарымен, классикалық шалбарлармен, пиджактың астына, не көйлектің үстіне кисе болады. Әмбебап жемпір көзге түссін десеңіз, жарқын түстісін таңдағаныңыз жөн.

Mango дүкені 5300 тг

Белдемше әр қыздың өзін нәзік сезінуіне мүмкіндік береді. Заманауи қызда олардың түр-түрі болуы тиіс: ұзыны, қысқасы, түрлі- түстісі... Тігілген матасы да әр түрлі: деним, твид, жібек және басқа да болуы мүмкін. Суреті бар, бүрмелі не басқа сәнделуі бар белдемшелер де әдемі көрінеді.

Mango дүкені 8000 тг

Резеңке етік - көктемдік гардеробтың басты элементтерінің бірі және жаңбырлы күндері таптырмас аяқ киім. Бүгінде оларды тек жалпақ табанда емес, сондай-ақ өкшеде де жасайды. 

Hunter етігі - 40 000 тг

Сөмке  -  аксессуарлардың ең маңыздысы. Қара қол сөмке әрине өте ыңғайлы, бірақ, көктемде ерекшесін таңдағаныңыз жөн. Қолыңыздағы сөмке баршаның назарын сізге аударуы тиіс.

Mango дүкені 10 000 тг

Көзілдірік - көктемдік бейненің соңғы бөлігі. Ол тек сәндік бұйым ғана емес, көз денсаулығының сақталуын қамтамасыз етуші де. Көктемдік күннің әсерінен сақтайтын көзілдірікті мұқият таңдағаныңыз жөн.  

Mango дүкені 4000 тг

Бағалары шамамен көрсетілген.

Суреттер: to-be-woman.ru, bershka.com, shop.mango.com.

С. А