Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Сән: Жасанды қас

Сән: Жасанды қас

Сән: Жасанды қас

Адамның мінезін танып білу үшін олардың әрқайсысын жеке дара зерттеп, өзгешеліктерін біліп, өзара қарым-қатынас жасап, сыйласу арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Ал ертегідегі шығыстың тәуіп-сәуегейлері көзге қарап-ақ көп нәрсені анықтайтын болған. Мәселен, көзінің ақ етінен қызарған қан тамырлары білініп тұратындардың жүйкесі жұқара бастағандар екендігін, дене күші де, ақыл-ой күші де қажығандығын анықтап берген.

Егер көздің қабағы мен астыңғы кірпіктің арасынан көздің ағы көрініп тұрса, бұл жүректің, бүйректің, бауырдың, өкпенің ауыратындығын білдірген. Британдық ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, адам көзінің салмағы 7-8 грамм, көз әдетте 80 шақырым алыстағы нысанды көре алады екен, ал түнде 2-7 шақырым алыстағы шамды байқайды.

Бұдан басқа адамның көзінің ішінде миллиондаған жіңішке перделер, көз қарашығы және олардың атқаратын қызметін білген. Ал, көздің жоғарғы жағында орналасқан қасқа қарап адамның мінезін білген. Мәселен, талғампаз, кірпияз, аяқ астынан шу шығаратын адамдардың қасы жіңішке болып келеді екен. Айтқанды екі етпей орындайтын, елгезек адамдардық қасы түзу болып келеді. Шығармашылықпен айналысатын жандардікі қиылған болса, жүйкесі мықты жандардікі бір-бірімен түйісіп тұрады. Ал көрінгеннің ықпалында кететін адамдардың екі қасының арасы алшақ болады деп білген.

Алайда бүгінгі заман адамдарының мінезін, әсіресе, әйел затының мінезін қасына қарап тану мүмкін емес. Себебі, олардың көпшілігі қасты заман талабына сай өздері жасап алатын болды. Бір кездері мұны қалам ұшымен істейтін болса, қазір инемен теріні тесіп отырып, белгілі бір уақытқа дейін "өңін бермейтін" қалыпқа келтіріп алуға болады. Әрине, "сұлулық құрбандықты талап етеді". Сондықтан оқырмандарға жасанды қас туралы жазып отырмын:

  • Жасанды қас жасау үшін бірінші табиғи қасыңызды қырып тастайды да, өзіңіз қалаған түске бояп береді. Осы жерде артық қылам деп тыртық  қылып алудың мүмкіндігін естен шығармаған жөн.
  • Жасанды қастар көзге бірден көрініп тұрады.
  • Маманның жазып берген дәрі-дәрмектерін уақытында салып тұру керек.
  • Өзіңізге жарасымды пішінге келгенше, сұлулық орталығына барып, күтіп тұру керек.
  • Денені инемен тескен кезде, одан тері арқылы адамның қанына сан түрлі жұқпалы дерттердің түсуі мүмкін.
  • Жасанды қастарды жиі жасайтын адамдардың ағзасы уақыт келе онкологиялық аурулардың тууына бейімделеді. Себебі, түрлі-түсті бояулардың қолданылуы кезінде тері арқылы қан тамырлары мен адамның ішкі мүшелері уланып қалады.
  • Көп жағдайда жасанды қастың зардаптары 8-10 жылдан соң белгі бере бастайды.
  • Жасанды қастардың түстерінің ішінде көбіне қара және көк түстер сәнде болып саналады. Олардың ұғымында сары түс адамның еркіндігін білдірсе, күлгін түс ақылдылықты, қызыл түс үлкен жойқын күш иесі екендігін білдіреді.
  • Қазір лазерлік сәулелердің көмегімен кез келген жасанды қастарды жойып тастауға болады. Алайда лазердің де өз зияны бар екендігін ұмытпаған жөн.
  • Жасанды қас жасаған соң, кейбіреулерде бөртпе пайда болуы мүмкін. Мұндай бөртпелердің асқынуының алдын алу үшін процедура алдында және процедурадан соң мамандардан микробтарға қарсы емдеу шараларын мұқият жасауды талап етіңіз.
  • Процедураны бастамас бұрын, иненің мұқият тазаланғандығына көз жеткізіңіз. Олай болмаған жағдайда, сұлу боламын деп ауру сатып алуыңыз әбден мүмкін.
  • Жасанды қастарды терісі сезімтал, денесінде қалы бар адамдарға жасауға болмайды.
  • Жасанды қастар уақыт өте келе өшірілгенімен, оның орнына пайда болатын жасушалар қара-қоңыр түске айналып кетеді.

Автор: Гүлназым Мақсатқызы

Сурет: moscow.olx.ru

25946 11
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 06 наурыз 2012, 12:00
Пікірлер
+0
06 наурыз 2012, 10:30

Жасанды қас біртүрлі көзге оғаш көрінеді, бәрібір табиғи емес екендігі байқалады. Бір құрбым бар, өзінің қасы кеп-керемет, барды да жасанды қас жасатты ешкімді тыңдамай, қазір жақсы қасы, бірақ бұрынғысы одан да әдемі еді ) Гүлназым, саған рақмет, керемет материал!

+0
02 сәуір 2012, 00:43

Ана айқаракөз.кз сайты аптырының қасыда сондай ғой дим :?: :mrgreen:

+0
06 наурыз 2012, 10:51

Өзіңнің қасыңа жетпейді ғой бәрібір )

+0
06 наурыз 2012, 11:13

Егер табиғатпен қалың қасқа ие бола алмаса жасанды жасатуда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Ең бастысы жақсы мамандардың қолына түссе болғаны. Ал қасыңыз табиғи қалың болса онда оны қырып тастаған біртүрлі күпірлік сияқты.

+0
06 наурыз 2012, 11:48

қыздар жасынды қасты нестейсіңдер өздерің де әдемісіңдер

+0
07 наурыз 2012, 22:14

Жасанды қас жасату ең ауыр күнә боп табылады екен, кешірілмейтін, сондықтан достарым өз сұлулықтарында жетеді

+0
07 наурыз 2012, 22:34

"ең ауыр күнә" ???

+0
08 наурыз 2012, 20:33

Өз қасыңа ештене жетпейді. сол қасын жасанды қылмаса да қыздар әдеміғо.

+0
10 наурыз 2012, 00:07

адем1 емес, зияны да жетерл1к...керег1 жок-ау

+0
16 наурыз 2012, 22:42

я Мөлдір әпке солай жасанды қас жасатқан жан жұмаққа кірмейді, бул дегеніміз Алланын берген сулулығына қарсы шыққандық боп есептеледі

+0
06 сәуір 2012, 11:52

Жасанды кас, бул дуниеде кас кана жасанды емес кой, кайда карасан бари жасанды, адамнын ишки дуниеси де жасанды болып бара жатыр, сондыктан сулу болгысы келген кыздар касын сулулык салонга барып тузесе оз ерки, зиян екенин биле тура истейди ма екен биракта...ол жайлы сулулык салонда айтпайтын да шыгар...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...