Реңі өзгеретін джинсылар

Реңі өзгеретін джинсылар

Naked & Famous деп аталатын канадалық бренд дене температурасына байланысты түсін өзгертетін джинсы жасап шығарды.

Егер сіз жаурап қалған болсаңыз, джинсы көк түсті болады, ал жылына бастаған сайын біртіндеп ақ түсті джинсыға өзгере бастайды. Аталған эффект матаның термохромды бояғышының арқасында жүзеге асады. Оның құрамына температура өзгеруіне байланысты реңк ауысатын молекулалар кіреді.

Бұл джинсыларды Barneys New York дүкендерінен 240 долларға сатып алуға болады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: mirfactov.com 

Ж. FM