3D жейделер әлемді қызықтыруда

3D жейделер әлемді қызықтыруда

Тірі суреттері бар футболкалар әлемдік брендке айналуы мүмкін. Суретте аңдардың суреттері бар.

Суретке қарағанда ең бірінші қорқып қалуыңыз мүмкін. Біранқ кейіннен таңғалып, шынайы суретке қарай бергіңіз келеді. 3D форматтағы киімде жануарлардың бірде жәй ғана сізге қарап, ал кейде қаһарына мініп тұрғанын байқайсыз. Олардың шынайылығы таңғалдырудан танбас. Аң-құстарды жақсы көретіндерге таптырмас футболкалардың әрқайсысында әрбір аңның суреті бар. Адал көзбен қарап тұрған иттен бастап міне-міне шабуыл жасайтын аюға дейін табылады. Ырылы естілетіндей боп тұрған сфинкс мысықтарының өзі неге тұрады!

Дизайнерлер алғашқыда тек иттің суретін қоюды ойлаған екен. Кейіннен бұл тауарға сұраныс өсе бастаған кезде олар басқа да аңдардың суретін сала бастады.

The Mountain компаниясының қызметкері Майкл Макглоин (Michael McGloin) «Біздің «тірі» футболкаларымыз елді жалықтыра бастаған кезде біз де дұрыс қадам жасадық» дейді.

Дизайнерлер мұны феномен, құбылыс деп те атапты.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: globalscience.ru

А. Құлтай